ФОТО

Kyzylorda-news.kz. 12 қыркүйек күні терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады. Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.

Тағы да оқыңыз: