Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болып, найзағай, екпінді жел күтіледі. Күндізгі сағаттарда бұршақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.