Фото: qazaqstan.tv
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оған сенсек, Қазақстанның басым бөлігі әлі де көп ылғал қоры бар атлантикалық циклон ықпалында болады.
Соның салдарынан негізінен қар жауып, бұрқасын соғады.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз жел екпіні 30 м/с асады.