Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды.

Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды.

10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН

Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласындағы кәсіпорындарының бірінің директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

ЕКІ АДАМ 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: informburo.kz

Тағы да оқыңыз: