Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 10 қыркүйекте күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының шығысында, күндіз батысында найзағай күтіледі. 10-11 қыркүйекте өңір орталығында, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: