Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің шығыс аймактары циклон жырасының және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста, солтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: