Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер бүгін бірқатар өңірде күн райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық процестердің шиеленісуіне және фронттардың ел аймағында жүріп өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. 

Оңтүстікте, шығыста кей уақытта қатты қар жауады. Елдің оңтүстік-шығысында кейде жаңбыр, кей жерлерде қар түрінде қатты жауын-шашын жауады. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

 

Тағы да оқыңыз: