Фото: placepic.ru

Kyzylorda-news.kz Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 1 желтоқсанына арналған күн райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Тағы да оқыңыз: