Kyzylorda-news.kz. Бір миллионнан астам бюджет қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Бүгін Ералы Тоғжанов Ақордада Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасы жайында ақпарат берді. Сондай-ақ мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің айлығын арттыру қарастырылған.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, «Бақытты отбасы» жобасымен көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Ал жастарды еңбекпен қамтуға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін гранттар беріледі.