Kyzylorda-news.kz. Антициклон жырасы әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталуда, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.