Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министр Әлихан Смайылов биыл республикадағы ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге жеткенін атап өтеді.

«Бұл 1,7 млн жалдамалы жұмысшының ақшалай кірісінің артуына оң ықпалын тигізген болатын. Осы жылы әлеуметтік төлемдерге екі мәрте индексация жасалып, 4,1 млн адам қамтылды. Оның ішінде 2,2 млн зейнеткер бар.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін қосымша арттырылатын болады», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Фото: almaty.tv

 

 

Тағы да оқыңыз: