Kyzylorda-news.kz Медицина адамды емдесе, ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді. Ежелден мал бағуды кәсіп еткен халқымыз "Малы саудың – жаны сау" деп, сәлемдескенде ең алдымен "мал-жаның аман ба?" деп сұраған. Осынау қағиданы ұстаным еткен ата-бабаларымыздың кәсібі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Алдындағы малының амандығына, саулығына жауап беретін ветеринария саласы – маңызды салаға айналды.
Сырдария ауданында ауыл шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Халықты тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асуда. Аудан, қала халқын ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтар ең алдымен малдың қауіпті ауруға ұшырамауын ветеринар мамандарымен бірге қадағалап отырады.
Осы орайда аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары Бақытбек Бегімқұлов салада өткен жылы атқарылған жұмыстары жөнінде әңгімелеп, көптеген мәселелер мен алда атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталған болатын.
– 2023 жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шараларға» аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларына арналған 13 түрлі індетке қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жоспары бекітілген болатын. 2023 жылға жоспарланған көрсеткішпен алғанда ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толығымен орындалды.
Сонымен қатар, сарып індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында ауырған жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру бойынша облыстық ветеринария басқармасы мен мал сою және қайта өңдеу бекеті Түркістан облысындағы «ДС и Братя» ЖШС-і арасында келісім-меморандум жасалынды.
2023 жылы диагностикалық зерттеулер барысында сарып ауруына барлығы 49 бас оң нәтиже берді. Соның ішінде 15 бас МІҚ малы: Шаған – 8 бас, А.Тоқмағанбетов – 6 бас, оның ішінде 1 бас МІҚ өрісте өлген, Қалжан ахун – 1 бас, оның ішінде 1 бас МІҚ өрісте өлген және 34 бас уақ мал Айдарлы – 33 бас, Тереңөзек – 1 бас ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларға тоқталсақ, ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында 6 түрлі – тейлериоз – 13000, сақау – 7200, бауыр құрт – 10200, қатпа – 600, гастрофилез – 3500, пироплазмоз – 7000, ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толығымен аяқталды.
Эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралардың алдын алу мақсатында бөлінген ветеринариялық препараттардың босаған құтыларын (флакон, щприц, ине) «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес «ЭКО-Н Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жоюға тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша айтып өтсек, ҚР АШМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығына сәйкес, 2023 жылы барлығы 10000 бас МІҚ, 10000 бас уақ мал, 4000 бас жылқы, 100 бас түйе, 50 бас шошқа және 4 бас тақтұяқтылар бірдейлендіру жоспары бекітіліп, 2023 жыл бойына 11285 (113 %) бас МІҚ, 13511 (135 %) бас уақ мал, 4683 (117 %) бас жылқы, 215 (215 %) бас түйе, 51 (102 %) бас шошқа және 4 (100 %) бас тақ тұяқты бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізілді.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы бойынша 2022 жылы автомагистраль жанында орналасқан 7 елді мекенде (Шіркейлі-59, Н.Ілиясов-108, Шаған-45, Ақжарма-50, Қалжан ахун-76, Тоқмағанбетов-60, Тереңөзек-43) барлығы 441 бас ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстыратын аспалы мойындық тағылса, 2023 жылға (Шіркейлі-32, Н.Ілиясов-35, Қалжан ахун-54, А.Тоқмағанбетов-50) 171 бас ауыл шаруашылық жануарларға жарық шағылыстыратын аспалы мойындық тағылды.
Аталған мерзімде (Шіркейлі-8, Н.Ілиясов-24, Қалжан ахун-27, А.Тоқмағанбетов-23) барлығы 82 бас МІҚ малына жарық шағылыстыратын аспалы мойындық тағылып, жұмыс жалғасуда.
Иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары да ветеринария саласының мамандарына жүктелген міндет.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, 4 жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда 2023 жылға барлығы 261 ит, 9 мысық ауланғанын хабарлаймын.
Сонымен қатар, ветеринар мамандар ветеринариялық іс-шаралар жүргізуімен қатар ауыл тұрғындарына иелігіндегі ит-мысықтарды қағидаға сәйкес байлап ұстау жөнінде үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізуде.
Саладағы ең өзекті мәселенің қатарында – Сібір жарасы ошақтарының жайын қадағалау міндеті бар. Айту керек, аудан бойынша 6 елді мекенде орналасқан 6 сібір жарасының ошақтары бар. Олар: Жетікөл ауылдық округіндегі «Шошқа ауыл», Қоғалыкөл ауылдық округінде орналасқан «Сары құм», Шіркейлі ауылдық округіндегі «Ескі коровник», Шаған ауылдық округіндегі «Ескі Шаған», Ақжарма ауылдық округіндегі «Күміс қорған», Бұрынғы О.Мәлібаев ауылы, қазіргі Тереңөзек кентіндегі «Құндызды учаскесі».
Сырдария ауданы бойынша Шіркейлі, Ақжарма, Шаған, Қоғалыкөл, Жетікөл елді мекендері және Тереңөзек кентінің «Құндызды» учаскесіндегі елді мекендеріндегі сібір жарасы ошақтарының орындары қоршалып, табаны цементпен бетондалып, белгілері қойылып, мемлекеттік жер актісі алынды.
Сонымен қатар, ауданға қарасты кент және ауылдық округтеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес типтік жобадағы 14 мал көмінділерімен толық қамтамасыз етілді.
Аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы іс-шаралар барысына тоқталсақ, 2023 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан Сырдария ауданы бойынша 9 елді мекен: Іңкәрдария, Аманкелді, Шіркейлі, Айдарлы, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Қоғалыккөл, Шаған, Тереңөзек қолайсыз болып анықталды.
Сырдария ауданы бойынша Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қолайсыз болып есепке алынған елді мекендерде 2023 жылдың көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарына 25187 бас МІҚ, 18191 бас уақ мал, 1021 бас түйе және 169 бас шошқа, 3376 қора (168375 ш/м), 195 суаттар мен шаңылақтар (84871 шаршы метр) өңдеуге жоспарланып, «Ақтөбе- дезинфекция» жеке медициналық мекемесі тарапынан Сырдария ауданы бойынша көктемгі маусымда 2 мәрте және күзгі маусымда 2 кезеңмен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, төрт түлік малдың ветеринариялық препараттармен мал иелері қаржысы есебінен экто және эндо паразиттерге қарсы иньекциялық жолмен 6010 МІҚ, 5020 уақ мал, 2840 жылқы, 287 бас түйеге ветеринариялық препараттар (ивен, ивермек) қолданылды.
Конго Қырым гемморагиялық қызбасы ауруларын алдын алу, болдырмау мақсатында аудан бойынша 16510 бас уақ мал тоғытылды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен барлығы 6192 ветеринариялық анықтамалар беру қызметі мен 15160 ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы атқарылып жатқан жұмыстарға тарқатсақ, ең алдымен «Эпизоотияға қарсы іс-шараларға» аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларына арналған 14 түрлі індетке қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жоспары бекітілгенін айту керек. 2024 жылдың 3 айына жоспарланған көрсеткішпен алғанда ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толығымен орындалып, жұмыс жалғасуда.
Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар бойынша: Ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында 6 түрлі (тейлериоз-14000, сақау-8000, бауыр құрт-11000, қатпа-600, гастрофилез-4000, пироплазмоз-8000) ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар мамыр айынан бастап атқарылатын болады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:
ҚР АШМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығына сәйкес, 2024 жылы барлығы 10000 бас МІҚ, 10000 бас уақ мал, 4000 бас жылқы, 100 бас түйе, 50 бас шошқа бірдейлендіру жоспары бекітіліп, 2024 жылдың 3 айында 1961 бас МІҚ, 1510 бас уақ мал, 679 бас жылқы, 87 бас түйе бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізіліп, жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесіне МІҚ, уақ малдары 3 айлық жасқа дейін, ал жылқы малы 1 жасқа дейін тіркеуге мүмкіндік береді. Қалған жасы асқан ересек жануарларды дерекқор жүйесіне тіркелмейді.
Осыған орай, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасында «Жасыл дәліз» функциясын ашу мақсатында, аудан көлемінде түрлі себептермен бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың есебі жинақталуда. Қазіргі таңда, аудан бойынша бұрын тіркелмеген 2495 бас (107 бас МІҚ-20 өтініш, 2384 бас жылқы-168 өтініш, 4 бас уақ малға-1 өтініш) ауыл шаруашылығы жануарларын есебі алынып, жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жұмыстар негізінде бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың иелеріне өз атына тіркеп алу мүмкіндігі беріледі.
Иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары да «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылыы 30 желтоқсанда қабылданған заң аясында іске асуда.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу чиптерді, сырғаларды, білезік немесе жағалар не шлейкалар және тағы басқа да есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Тек иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу тегін жүргізіледі.
Тіркеу рәсімдерін мемлекеттік және жеке ветеринариялық қызметті атқаратын ұйымдар жүзеге асырады. Үй жануарларын (ит, мысық) тіркеу міндетті. Күшіктер мен марғаулар жаңа туылған сәттен бастан 45 күннен кейін есепке алынады.
Қазіргі таңда, аудан бойынша 651 ит «ТАҢБА.KZ» платформасына тіркеліп, жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар, Заңының 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудан бойынша 144 ит, 1 мысық ауланды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы іс-шаралар да күн тәртібінен түскен жоқ.
2024 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан Сырдария ауданы бойынша 11 елді мекен (Іңкәрдария, Аманкелді, Шіркейлі, Айдарлы, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Қоғалыккөл, Шаған, Тереңөзек (Мәлібаев елді мекені), Ақжарма, Н.Ілиясов) қолайсыз болып анықталды.
Сырдария ауданы бойынша Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қолайсыз болып есепке алынған елді мекендерде 2024 жылы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарына 30987 бас МІҚ, 22583 бас уақ мал, 967 бас түйе және 67 бас шошқа, 3755 қора (250540 ш/м), 180 суаттар мен шаңылақтар (130521 ш/м) өңдеуге жоспарланды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен аудан бойынша 2024 жылдың 3 айында барлығы 1638 ветеринариялық анықтамалар беру қызметі мен 2969 ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.
Қорытындылай келе, ауданның ветеринария саласының мамандары алдағы уақытта да іс-шара жоспарына сәйкес тиісті міндетін толыққанды атқарып, саланың ақсамауына жұмыс жүргізетін болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай