Kyzylorda-news.kz  Еліміз бойынша соңғы жылдары құжаттарды "Электрондық үкімет" порталы арқылы тапсыру бір жүйеге түскен. Қай саланы алып қарасаңызда кез келген ақпаратты алу цифрландырылған. Бұл халық үшін тиімді, әрі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің бірден бір жолы болып табылады.

Сырдария ауданында жер саласы аясындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері оңтайландырылған. Қызмет көрсету белгілі бір автоматтандыру бағытына көшіп, «Е-License» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылдануы басты назарға алынған. Яғни мемлекеттік қызмет бұл салада толыққанды электронды түрде көрсетілуде. 

Осы ретте Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Нұрсейіт:

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес, жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін 11 мемлекеттік қызметтің 8-і электрондық форматқа көшті. ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес 2024 жылдың 3 айында 292 мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша қызмет түрі көрсетілді, – деді.

Атап айтқанда: жерге орналастыру жобаларын бекіту – 81, іздестіру жұмыстарына рұқсат беру – 2,  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – 3, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру – 3, сауда-саттықты талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтар беру – 77, елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 62, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау мен бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) бойынша өтініш түспеген, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату       – 10, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту  – 1, жер учаскесін алу үшін кезекке қою Тереңөзек кенті бойынша 3 айда 53 өтініш    түскен. Барлығы – 292 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. 

Сонымен қатар бөлімде «Өзіне-өзі қызмет ету бұрышы»  орнатылған.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағида талаптары бөлімнің арнайы стендте және фейзбук парақшасында ай сайын қызмет алушылар назарына жариялануда.

Дегенмен, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының жүргізілуіне, нормативтік құқықтық актілердің қол жетімділігіне қарамастан, 2023 жылы Сырдария ауданы бойынша жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласы бойынша 16 мерзім бұзушылық фактісі орын алған. Ал 2022 жылы 30 бұзушылық анықталған. Мәселен, 4 мерзім бұзушылық Тереңөзек кенті (ақпан айы), 2 мерзім бұзушылық Ақжарма ауылдық округі (сәуір), 2 мерзім бұзушылық А.Тоқмағанбетов ауылдық округі (ақпан, қараша), 2 мерзім бұзушылық Қоғалыкөл ауылдық округі (наурыз, қазан), 2 мерзім бұзушылық Іңкәрдария ауылдық округі (ақпан, желтоқсан), 1 мерзім бұзушылық Аманкелді ауылдық округі (ақпан), 1 мерзім бұзушылық Жетікөл ауылдық округі (ақпан), 2 мерзім бұзушылық аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары (ақпан, тамыз).

Айту керек, орын алған мерзім бұзушылық фактілері үшін жауапты орындаушылар әкімшілік айыппұл төлеп, тиісті тәртіптік жазалар қолданылған.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен 2023 жылдың қаңтар айынан 2024 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша Е-License» ақпараттық жүйесінде сырттай жүргізілген бақылау нәтижесінде жұмыс уақытынан тыс орындалған, яғни кешкі саған 19:00 мен 22:00 аралығында 112 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылғандығы анықталған. Нәтижесінде, бөлім мамандарына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

– Сонымен қатар, аталған кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылы аудан әкімдігінде облыс әкімі аппаратының және ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандарын арнайы шақырып, ауылдық округі әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің жауапты мамандарымен бірге семинар өткізілген. Бұдан бөлек, өзімнің төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті деңгейде орындалуы және мерзімдерін бұзу фактілерін болдырмау жөнінде семинар-кеңес өткізілді, – дейді бөлім басшысы.

Сырдария ауданының әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарымен ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бекіткен жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін тұрақты өткізіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге кол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан  көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

Бөлім басшысы жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізе отырып, тиісті көрсетілетін қызметтерді жетілдіру мақсатында ұсынысын атап өтті.

– Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес бекітілген Қағида талаптары бойынша жүргізілуде.          Алайда, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде түзетуді қажет ететінді атап өтсем. 

Бірінші, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 1-кезеңі бойынша өтініш тиісті аудан немесе ауылдық округ әкіміне түседі. Табысталуға жататын кез келген нысаналы мақсаттағы жер учаскесіне құқық табыстау үшін аудандық жер комиссиясының оң немесе теріс қорытынды қабылданған хаттамалық шешімі толтырылады. Жүйеде тиісті хаттамалық шешім жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен толтырып, тиісті ауылдық округ әкіміне жолданады. Электронды толтырылған хаттамалық шешімге комиссия төрағасының орнына ауыл әкімі қол қойып шығаруда. 

Осыған байланысты, толтырылған хаттамалық шешімнің аудандық жер комиссиясының төрағасының электронды сандық қолтаңбасына түсуін жүйеде қалпына келтіруін ұсынамын. Себебі, электронды шығарылған хаттамалық шешім жерге орналастыру жобасын дайындауға негіз болатын аса маңызды құжат болып есептеледі.

 Сонымен қатар, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 1-кезеңі бойынша тиісті аудан немесе ауылдық округ әкіміне түскен өтінішті Қағидаға сәйкес жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды деген. Алайда, жүйеде тек бір уәкілетті органға жолдаумен шектелген. Осыған байланысты, бір мезетте жүйеде екі органға жолдауды қарастыруды ұсынамын. 

Екінші, жоғарыда аталған қызметтің 2-кезеңі бойынша жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін бұйрық негізінде аудан, кент және ауылдық округі әкімдері үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін табыстау туралы шешім қабылдайды. Шешімді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган толтырады. Жүйеде ауыл әкімінің шешімі өкім ретінде басылып шығуда. Соған байланысты, тиісті қателікке түзету енгізуді ұсынамын.

Үшінші, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қазіргі таңда егов үкімет порталы арқылы азаматтардан  өтініш беру тоқтаусыз жүргізілуде. Қағида талаптарына сәйкес, өтінішті қарауға 12 жұмыс күні берілген. Алайда, электронды үкімет порталы арқылы жер учаскесін алуға кезекке тұру жүзеге асырылып жатыр. Яғни, өтінішті қарау мерзімін қысқартуды ұсынамын.

Төртінші, құқық нормаларының коллизиясы бойынша "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасындағы Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді» – делінген. Алайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган көрсетеді. Осыған байланысты, қағидаға өзгеріс енгізу ұсынылады, – деп қорытындылады өз сөзін бөлім басшысы Қанат Нұрсейіт.

Тағы да оқыңыз: