Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы бойынша көктемгі егін жұмыстарына дайындық барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков әңгімелейді.
– Нұрбол Баянәліұлы, биылғы жылы көктемгі егіс науқанына дайындық барысы қалай ұйымдастырылуда. Сырдариялықтар өткен жылы егіс көлемін азайтқаны белгілі. Биыл егіс көлемі артады ма?
– Иә, өткен жылы су тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру 33098 гектарға жүргізілсе, биыл аудан бойынша жалпы 33919 гектарға, яғни 752 га артық жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленіп отыр.
Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 21885 гектар (2022 ж – 20728 га, 1157 га артық), жаздық бидай 1681 гектар (2022 ж – 2119 га, 438 га кем), мақсары 250 гектар (2022 ж – 359 га, 109 га кем), сүрлемдік жүгері 80 гектар (2022 ж – 42 га, 38 га артық), жаңа жоңышқа 1828 гектар (2022 ж – 2113 га, 285 га кем), картоп, көкөніс бақша барлығы – 1124 гектар, (картоп 477 гектар (2022 ж – 398 га, 79 га артық), көкөніс 232 гектар (2022 ж – 209 га, 23 га артық), бақша 415 гектар (2022 ж – 412 га, 3 га артық), ескі жоңышқа 7071 гектарды (2022 ж – 6696 га, 375 га артық) құрап отыр.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы –3706 гектар ақ егіс егілді. Оның ішінде 180 га мақсары, 1683 га жаздық бидай, 15 га арпа, 1828га жаңа жоңышқа орналастырылды.
Сондай-ақ, негізгі дақыл күріштің 7537 гектары егіліп, 5285 гектары суға бастырылды. Биылғы жылдың күріш егісіне қажетті 10010 тонна минералдық тыңайтқыштар толық сатып алынды. Оның ішінде аммоний сульфаты 5913 тонна, карбамид 2483 тонна, аммофос 1279 тонна, басқада түрлерінен 335 тонна. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажетті көлемі 16500 литрді құрап отыр. 2023 жылы мемлекеттік жер қорларынан 1800 гектар, шаруашылық құрылымдары жерлерінен 1000 гектар жер саяқ шегіртке дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары болжанып отыр.
– Дала жұмыстарына қатысатын техникалардың жай-күйі қандай? Қажетті дизель отынының қоры жеткілікті ме?
– Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 758 дана, оның ішінде 360 трактор, 201 трактор тіркемесі, 87 соқа, 47 дән сепкіш, 63 жүк көліктері – ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дизель отыны 2879 тоннаның 1700 тоннасы (әр литрі 212 теңге «Жібек жолы ЛТД» ЖШС) шаруашылық құрылымдарына жеткізілді. Наурыз айы – 1294 тонна, сәуір айы – 1236 тонна, мамыр айы – 349 тонна.
– Егіске келетін су жолдары, яғни каналдардың жай-күйі қандай?
– Қашыртқылар, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша шаруашылықаралық каналдардың 141740 текшеметр, (100,0%) ішкі су жолдарының 188500 текшеметр (100,0 %) топырақ шығарылып, 15 дана (100,0%) гидробекеттері, 35 дана (100,0%) су тартатын қондырғылары жөнделді.
Бүгінгі күнге «Шіркейлі» каналымен 52,0 текше метр, «Айтек» каналымен 19,0 текше метр, Елтай каналымен 2,7 текше метр, Соркөл каналымен 0,5 текше метр егіске су жіберілуде.
Шаруашылық құрылымдарында – 35 дана, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалында – 13 дана, ауылдық округтерде – 30 дана, аудан бойынша барлығы – 78 дана насос қондырғыларын каналдар мен қашыртқылар бойына орналастырып, егіске су алынатын болады.
2023 жылы елді мекендерді экологиялық аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «А.Тоқмағанбетов а/о орналасқан «Қашыртқы» (3,8 км), Аманкелді а/о орналасқан «Хозцентр» (2,2 км), Жетікөл а/о орналасқан «Жыңғылдыкөл» (6,5 км) каналдарын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2023 жылы 6 каналға ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 8,3 млн. теңге және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана насос қондырғыларын алу үшін облыстық бюджеттен 52,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Нақты айтқанда Тереңөзек кенті «Айтбай арық» каналы – 1,2 млн теңге, С.Сейфуллин ауылдық округі «Құрымбек» каналы – 0,5 млн теңге, Шаған ауылдық округі «Жиделі арық» каналы –2,6 млн теңге, Аманкелді ауылдық округі «Баржық» каналы –1,6 млн теңге, Ақжарма ауылдық округі «Ақжарма», «Дәулет-арық» каналдары –2,4 млн теңге. Көктемгі егін орналастыруға дайындық жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.
– Аудан тұрғындары егін егуге жер бөлу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бұл мәселе қалай шешімін тапты, биыл жер бөлінді ме?
– Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 210 гектар қосымша жер ашылып берілсе, биылғы жылы 105 гектар қосымша жер ашылып, барлығы – 315 гектарға жер ашу жоспарлануда. Бүгінгі күні 315 гектар жер анықталып, 178 гектар жер дайындалды.
Кент және ауылдық округтер бойынша бүгінгі күні 799 адам егін егуге ынталы болып отыр.
Алайда бүгінгі күнге бекітілген жоспардан Ақжарма ауылдық округі 10 гектарға, Тереңөзек кенті 9 гектарға, С.Сейфуллин ауылдық округі 6 гектарға аз ұсынып отыр.
Бұл өз кезегінде облыс әкімдігінің егіс көлемін 50 пайызға ұлғайту жөнінде берген тапсырмасын орындауға кері әсерін тигізеді.
Осы орайда, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін демеушілерді немесе елді мекендегі шаруашылықтарды қарастыра отырып жаңадан ашылатын жер көлемін 50 пайызға ұлғайтуды, егін егуге ынталандыру үшін әлеуметтік желіге (фейсбук) жариялау сұралған болатын.
Алайда, бүгін күнге дейін қосымша жер ашуға байланысты Тереңөзек кенті (жариялаған күні 31.01.2023ж), Айдарлы ауылдық округі (жариялаған күні 01.02.2023ж), Іңкәрдария ауылдық округі (жариялаған күні 04.05.2023ж) ғана әлеуметті желіге жариялаған. Қалған ауылдық округтерде әлеуметтік желіге жарияланбаған. Осы жұмыстарды жандандыруды сұраймын. Қосымша Тереңөзек кентінің халқымен кездесуінде халыққа жер ашып беру жөнінде көтерілген ұсынысы бойынша бөлім тарапынан Тереңөзек кентінде «Көлбай» учаскесінен 2 гектар нақтыланып, бүгінгі күнге қоршау жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін жерді дайындап, Тереңөзек кентіндегі ынталы отбасыларына бөлініп берілетін болады. Тереңөзек кенті әкімдігі тарапынан насос қондырғысы мен сумен қамтамасыз етуге атсалысуда.
Сондай-ақ, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының сұранысына сәйкес күзгі өнімнен Іңкәрдария ауылдық округіндегі «Қожеке батыр» шаруа қожалығы 10 тонна картоп, 10 тонна сәбіз және «Досыбай» шаруа қожалығы 15 тонна картоп, 15 тонна сәбіз өнімдерін өткізу үшін форвардтық шарттар жасауға келіссөздер жүргізілуде.
– Әңгімеңізге рақмет!