Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы – қазағы қалың орналасқан, рухани мұрасы да ерекше сақталған өңірлердің бірі. Бүгінде аудан ауыл шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы өңірге орналасқан және сондай басымдығын пайдалануда. Аудан экономикасында өсім бар, әйтсе де ширататын шаруа аз емес. 

Жалпы аудан бойынша халық саны 37863 адамды құрап отыр. Оның ішінде ерлер саны – 19510, әйелдер саны – 18500-ге жуық адам. Аудандағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 211712 теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайызға өсіп отыр. 

2023 жылдың қаңтар-наурыз айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 22214,0 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың осы деңгейіне қарағанда 10,5 есеге ұлғайғандығын көрсетеді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 7305,0 млн теңгені (109,5 пайыз) құрап отыр. 

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі ауыл шаруашылығы. Аталған салада аудан бойынша өсім бар. Мәселен, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2023 жылдың қантар-наурызында 1546,8 млн теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға артып отыр. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 105,1 пайызды (37705 бас), оның ішінде сиырлар 103,5 пайызды (22117 бас), жылқы 109,8 процентті (19575 бас), түйе 101,9 процентті (1582 бас), қой мен ешкі 105,5 пайызды (33719бас), құс 106,4 пайызды (12153 бас) құрап отыр. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында аудан экономикасына 11348 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6 есеге артық.

Соңғы уақытта ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ажары күннен-күнге артып келеді. Айталық, 2023жылдың қаңтар-наурыз айында 3365 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,1 пайызды құрап отыр. Салынған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражат есебінен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың 3 айында 1071 млн теңгені құрап, 2,2 есеге артқан.

Экономиканың басты тірегі шағын және орта бизнес екені бесенеден белгілі. Дамуды көздеген кез келген ел шағын және орта бизнеске өріс ашып, қолдау көрсетуге мүдделі. Бұл тұрғыда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке кең жол ашылып, түрлі несиелік қолдаулар көрсетіп, ауқымды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылу үстінде.

Шағын және орта бизнесті дамыту – экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы.

Қолда бар статистикалық мәліметке сүйенсек, тап бүгінгі шақта аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген құрылымдар саны 2023 жылдың қаңтар-наурызында 548,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,7 пайызды құрады.

2023 жылдың 1 сәуіріне3232 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді. Оның ішінде 138 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1443 жеке кәсіпкерлер, 1649шаруа және фермер қожалықтары.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3119болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 133,7 пайызды құраған. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,5 пайызды құрады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана халқымыз. Ауданның өркендеуі жолында бұл игі істер атқарылған жұмыстың жемісі деп білеміз.

image-10-05-23-07-38-4.jpeg

 

image-10-05-23-07-38-3.jpeg

 

image-10-05-23-07-38-1.jpeg

Тағы да оқыңыз: