Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша Сырдария ауданы бірқатар сала бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Аграрлы аудан өткен жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 33098 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Негізгі дақыл – күріштің көлемі 20728 гектар жерді құрады. Сонымен қатар жаздық бидай 2119 гектар, мақсары 359 гектар, күнбағыс 2 гектар, қант құмайы 20 гектар, сүрлемдік жүгері 42 гектар, жаңа жоңышқа 2113 гектар, ескі жоңышқа 6696 гектар және картоп, көкөніс, бақша 1019 гектар жерге орналастырылды.  

Егін шаруашылығымен айналысатын аудандағы ірі серіктестіктер мен шаруа қожалықтары еккен  20728  гектар күріш дақылынан 64,0 центнерден өнім алып, жоғарғы көрсеткіштен көрінді. Егін науқанында барлығы 1 326 592 центнер астық жиналып, қамбаға құйылды. 2023 жылдың егісіне 5200 тонна күріш тұқымы құйылғанын да атап өту керек.

Сыр салысы еліміздің барлық өңірлеріне нарыққа шығып, шетелге де экспортталуда. Бірнеше сұрыпты күрішті аудан орталығындағы «Углесбыт» ЖШС-гі  көрші мемелкеттерге шығарды. Өткен жылы серіктестіктен Тәжікстан, Әзірбайжан мемлекеттеріне 950 тонна өнім жөнелтілсе, «Абзал және К» ТС-гі Моңғолия, Әзірбайжан, Украина, Америка Құрама Штаттарына 15000 тоннаға дейін ақ күрішті экспорттады.

Сырдария ауданында соңғы жылдары мал шаруашылығы да өркен жаюда. Қазіргі таңда ауданда 128 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 11 шаруашылық асыл тұқымды мал өсіріп, ет-сүт бағытында өндірісті дамытуда. 
Ауданда жалпы малдың санын, сондай-ақ асыл тұқымды малдың санын көбейту арқылы мал өнімдерінің сапасын арттыруға басым бағыт берілуде.

Өткен жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» атты мемелкеттік бағдарламалары тиімді пайдаланып, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 48 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 375,0 млн теңге несие алды.
Соның ішінде егін шаруашылығын дамытуға «Кеңдала» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша 6 шаруашылық құрылымдары 168,6 млн теңге, мал шаруашылығын дамытуға «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 42 шаруашылық құрылымдары 206,4 млн теңгеге 42 бас түйе, 156 бас сиыр 262 бас жылқы, 200 бас қой сатып алды. Бағдарламаның тиімділігн көріп отырған шаруа қожалықтары алынған малды өсіріп, күтіп бағуда.

Аудан тұрғындарын арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету назардан тыс қалған емес. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ бірлесіп аудан орталығында  5 мәрте және облыс орталығында 4 мәрте ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге барлығы 803,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 35 түрінен әкелініп, нарық бағасынан төмен бағамен ұсынылды.

 Бүгінде Мемлекет басшысы тарапынан Үкіметке нақты тапсырма берілді. Ең бастысы ел-халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді. Сонымен қатар баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бақылауды күшейту қажеттігі айтылды. Сырдария ауданында жыл сайын бірнеше мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, тұрғындар қажетті азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуда. Ал Сыр елінің диқандары ерте көктемнен егін даласында бел жазбастан егін егіп, науқанды ең жоғарғы көрсеткішпен аяқтағаны халықтың көңіліне қуаныш сыйлады. Алдағы жылы да ауыл шаурашылығы өнімін өндіруде сырдариялықтар су тапшылығына қарамастан Сыр салысынан мол өнім алады деген сенімдеміз, – дейді аудандық ауыл шаурашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков.
 

Тағы да оқыңыз: