Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында өткен жылы барлық салада өсім байқалған болатын. Экономикалық тұрақтылық басым болған ауданымызда көптеген жобалар жүзеге асырылды. Ең алдымен, аудан әлеуетін жақсарту мақсатында инвестиция тарту, ауыл шаршуашылығын өркендету басты назарға алынады. Жүйелі жұмыс арқасында экономиканың дамуында оң динамика қалыптасатыны анық. Өз кезегінде ауданның экономикалық әлеуетін саралау мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетовпен сұхбат жүргізген болатынбыз.
– Ерлан Дәуітбекұлы, өткен жылы аудан экономикасын ілгерілету мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.
– 2022 жылға арналған аудандық бюджет
13,0 млрд. теңгені құрап отыр. Аудан бюджетінің
73 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Аудан экономикасына тікелей ықпал жасайтын өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасты. 2022 жылы барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу динамикасы бар. Өнеркәсіп 4,3 есеге ұлғайса, өндеу 55,9 пайызға өскен. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі орындалып, инвестиция 0,2 пайызға, тұрғын үй шаршы метрі 1,9 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,2 пайызға артып отыр, жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз. Барлық көрсеткіш бойынша Сырдария ауданы облыс бойынша алдыңғы қатарда келеді.
– Сырдария ауданы аграрлық салаға қашанда иек артады. Бұл ретте, ауылшаруашылығы саласы жөнінде аз-кем ақпар берсеңіз.
– Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытында өсім бар. Аудан аграрлық болғандықтан ауыл шаруашылығы дақылдарынан дәнді, майлы дақылдар, бақша және көкөніс, картоп, сонымен қатар, ет және сүт бағытындағы мал өсіріледі. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18 млрд 518,0 млн. теңгені құрады. Биылғы жылы ауданымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 33098 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріштің көлемі 20728 гектар, жаздық бидай 2119 гектар, мақсары 359 гектар, күнбағыс 2 гектар, қант құмайы 20 гектар, сүрлемдік жүгері 42 гектар, жаңа жоңышқа 2113 гектар, ескі жоңышқа 6696 гектар, және картоп, көкөніс, бақша 1019 гектарды құрайды. Әртараптандыру бағыты бойынша жалпы 991 гектарға артып отыр. Атап айтқанда, бидай - 619 га, мақсары - 194 га, күнбағыс – 2 га, картоп – 88 га, көкөніс - 19 га және бақша өнімдері - 77 га.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 210 гектар қосымша жерлер ашылып, 840 отбасыға бөлініп берілді. Оның 90 гектарына картоп, 20 гектарына көкөніс, 100 гектарына бақша дақылдары егілді. Биылғы жылдың егісіне 5508 тонна күріш тұқымы себілді. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша «Сыр Сұлуы» 80 гектарға (0,4%), Ресейлік сорттар бойынша «Лидер» 16425 гектарға (79,2%), «Янтарь» 4223 гектарға (20,4%) себілді. Аудан бойынша 20728 гектар күріш дақылынан 64,0 центнерден өнім алынып, барлығы 1 326 592,0 центнер астық жиналды. 2023 жылдың егісіне 5200 тонна күріш тұқымы құйылды.
Сонымен бірге «Углесбыт» ЖШС-гі Тәжікстан, Әзірбайжан мемлекеттеріне 950 тонна ақ күріш экспорттады. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,0 пайызға (37056 бас), жылқы 14,8 пайызға 19019 бас, түйе 4,7 пайызға 1605 басқа артты. Барлығы 3,3 мың тонна ет, 5,9 мың тонна сүт, 157,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,0 пайызға, сүт 101,1 пайызға, жұмыртқа 101,3 пайызға артты. Қазіргі таңда ауданда 127 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ішінде, 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 4749 бас қой малы бар.
2022 жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 32 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 311,7 млн теңге несие алды.
Егін шаруашылығын дамытуға «Кеңдала» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша 6 шаруашылық құрылымдары 168,6 млн теңге.
Мал шаруашылығын дамытуға «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 26 шаруашылық құрылымдары 143,1 млн теңгеге 47 бас түйе, 61 бас сиыр 172 бас жылқы, 200 бас қой сатып алып күтіп бағуда.
Облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6 каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Інкәрдария ауылында «Ақтам» каналының 14,3 шақырымына, Аманкелді ауылындағы «Қосапан» каналының 13,3 шақырымына Айдарлы ауылында Ақтам каналының 6,7 шақырымына Жетікөл ауылында «Жыңғылдыкөл» каналының 4,7 Хозцентр каналының 7,0 шақырымдарына, Шіркейлі ауылында Байділда каналының 10,2 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.Қосымша қажетті 12 дана насос құрылғысы алынып елді мекендерге жеткізілді.
Сонымен бірге техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары бүгінгі күні жалпы – 38 дана ауыл шаруашылығы техникасы статистика бөліміне тіркеліп, негізгі қорға 1,3 млрд. теңге салынды.
– Азық-түлік мәселесіне байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?
– Аудан бойынша барлық сауда орындарында аса маңызды азық-түлік өнімдері тұрақты сатылуда және апта сайын мониторинг, азық-түлік өнімдерінің сатып алу бағасынан 15% пайыздан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсіру фактісіне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әкімшілік жауапкерлішік қаралғандығы туралы аудан әкімінің қолымен ескерту хабарламасы, бүгінгі күнге дейін 2 мәрте аудан көлемінде орналасқан 126 шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің назарына жеткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығында орналасқан сауда үйлеріның қоймаларында бүгінгі күнге қолда бар азық-түлік өнімдерінің қорлары 121 тонна. 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, аудан көлемінде кәсіпкерлік субъектілеріне «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мы арқылы заем берілетіндігі жөнінде ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аудан тұрғындарын арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында ауданның ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ бірлесіп аудан орталығында 3 мәрте және облыс орталығында 3 мәрте ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге барлығы 549,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 35 түрінен әкелініп, нарық бағасынан төмен бағамен ұсынылды. Сонымен қатар, Аудан орталығында «Алтын дән - 2022» мерекесіне орай ағымдағы жылдың 22 қазанында өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне кент және ауылдық округтерден 55 көлік 34 түрінен барлығы 190 тонна 22 млн.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліп нарық бағасынан төмен бағамен ұсынылды.
Нан бағасын тұрақтандыру бойынша, ауданда 4 наубайханада күніне 2640 дана нан өндіріп сауда орындарына сатуда. Қосымша күнделікті 2275 дана нан өнімдері Қызылорда қаласынан ауданға келуде. Аудан бойынша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында жеке кәсіпкер «Айша» наубайханасын бидай ұнын жеткізуші оператор ретінде бекітілді. Наубайханалар бүгінгі күнге дейін 112 тонна әлеуметтік ұнын алып, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына бір бөлке нанды 75 теңгеден таратып дүкендер тарапынан 80 теңгеден сатылуда.
– Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауданда тиісті жұмыстар жүргізілді ме?
– Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ауданымызда 11 айда құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын 500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 450 жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 49 кәсіпкерлік субъектісі 675,1 млн.теңге несие алып, жұмыстарын жасауда. Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 2 жоба 7,9 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы 25 кәсіпкерлік субъектісі 172,9 млн.теңге несие алды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 367,2 млн.теңгенің 300 жобасына грант берілді. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді жобаларды қамтиды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 2969 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2825-ті құрап отыр. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 95,1 пайыз. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16,0 пайызға өскенін көрсетеді.
– Аудандағы құрылыс қарқының қалай бағалайсыз?
– Жалпы ағымдағы жылы ауданда құрылыс жұмыстарын атқаруға мемлекеттік бюджеттен (Ұлттық Қор, РБ, ОБ) 671 млн. теңге қаржы қаралған. Газдандыру мәселесіне келсек, бүгінде Тереңөзек кенті толығымен газбен қамтамасыз етілді (жалпы құны 136,5 млн. теңге). Бұл аудан халқының 20,1 пайызы. Сонымен қатар, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Көлік саласына келсек, биыл Бесарық елді мекенінің автомобиль жолын және Тереңөзек кентінің көшелерін орташа жөндеу, «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек» аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Осы жұмыстарды аяқтау арқылы Сырдария ауданындағы жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін
100 пайызға жеткіземіз.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде Сырдария ауданында 11 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 836,4 млн. теңге бөлінді.
Атап айтқанда, Ақжарма және Н. Ілиясов ауылдық елді мекендеріндегі көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін толық аяқталады. Тереңөзек кентіндегі «Айгөлек», «Балдаурен» бала бақшалардың және №210 орта мектептің, Сырдария аудандық ауруханасының, 250 орындық аудандық емхананың бу қазандықтары газға ауыстырылды. Ауданда 2 спорт нысанның құрылысы жүргізілді. Орталық стадионға салынатын жаттығу және стритбол алаңы құрылысына облыстық бюджеттен 32,5 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Бесарық елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысына жоба құны 389,2 млн теңге 191,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылға аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 жоба іске асырылды. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 146,5 млн теңге қаржы бөлініп, 9 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. (Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автомобиль жолы. Тереңөзек кентінің 7 көшесін жөндеуге 222,0 млн теңге, Бесарық елді мекенінің 6 көшесін жөндеуге 188,3 млн теңге, Қоғалыкөл елді мекенінің 2 көшесін жөндеуге 58,1 млн теңге және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 186,7 млн теңгені құрайтын Ақжарма елді мекенінің 5 көшесін орташа жөндеу және Н.Ілиясов елді мекенінде жоба құны 525,9 млн теңгеге 11 көшенің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда.
– Спорт және мәдениет саласын дамытуға қаншалықты көңіл бөлінуде?
– Ауданымызда 132 спорттық нысан, 539 спорттық секциялар жұмыс жасап, халықтың 34 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Бұқаралық және спорттық ойын түрлерін дамыту мақсатында ауданымызда 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз түрде спорт секциялары ашылып, жұмыс жасауда. «Мансұр» спорт клубында спорттың 6 түрінен 440 бала шұғылданса, ал Сырдария спорттық-зияткерлік орталығында спорттың шахмат түрінен 45 бала шұғылданады. Ауданның мәдениет саласында қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылып келеді. 34 мекеме – 16 клуб, 17 кітапхана және 1 мәдени-демалыс кешені, автоклуб бар. Жыл басынан бері 1447 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 94927 көрермен тартылды. Сонымен қатар, «Балалар жылына» орай есепті кезеңге 138 шара өткізілді.

Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов