Kyzylorda-newskz.  Жаңа жыл мерекесі аясында Сыр диқандары мен тауарөндірушілер жәрмеңкеге 200 жүк көлігіне тилеген 500 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді.

Тасбөгет кентінің орталық алаңында Шиелі ауданының тауарөндірушілері 24 жүк көлігіне тиелген 40 тонна өнімдер жеткізілді.
С.Торайғыров көшесінің бойында Арал мен Жалағаш аудандарымен бірлесіп жәрмеңке өткізілді. Сауда жасаған аралдық шаруалар 20 жүк көлігімен 20 тоннадан астам азық-түлікті тиеп келді. Теңізді өлкенің молшылық шарасында облыс тұрғындарына мұздатылған 15 тонна балық өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 1,5 тонна ет өнімдері, құрт, ірімшік, 300 литр шұбат әкелінді.

Жалағаш ауданының шаруалары 45 жүк көлігімен 150 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде күріш, ет өнімдері мен картоп, пияз көп мөлшерде жеткізілген.
Шұғыла мөлтек ауданында Қазалы мен Сырдария аудандарының шаруалары бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Қазалылық еңбеккерлер жәрмеңкеге 22 жүк көлігімен 50 тоннадан астам өнім алып келді. Тұрғындар көбінесе сүт өнімдері мен Қазалы кәмпиттерін сатып алды.

Сырдария ауданынан жеңілдетілген бағамен 20 көлікке тиелген 30 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары апарылды. Көбінесе 15 тоннадан астам күріш, 6 тонна картоп, 7 тонна сәбіз, пияз, асқабақ және сүт өнімдері жеткізілді.
Астана даңғылының бойында жаңақорғандық шаруалар 26 жүк көлігімен 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді.

Ақмешіт мөлтек ауданы, Журба көшесінде Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 30 жүк көлігіне тиелген 55 тонна азық-түлік өнімдері әкелінді.

FB_IMG_1671952462261.jpgFB_IMG_1671952459302.jpgFB_IMG_1671952469558.jpg

Тағы да оқыңыз: