Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша Қызылорда қаласында биыл бірқатар табысқа қол жеткізді.
Мәселен, қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 214 000 млн теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 91,8 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 168 005,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,4 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 78,5 пайызын құрады. Есепті мерзімде 1 146,3 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,2 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 134,9 млн текше метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 65,9 пайызды құрады.
Айта кету керек, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 29 001 млн теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 120,1 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 13,6 пайызы. Есепті мерзімде жеңіл өнеркәсіп 114,0 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 189,5 пайызға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 144,1 пайызға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 146,8 пайызға, машина жасау саласы 2,5 есеге артып, тамақ өнімдерін өндіру 85,7 пайызды құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 15 381,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106,9 пайызға артты. Есепті мерзімде 524,5 млн. квт сағ электр энергиясы және 347,7 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тисінше 99,4 пайызды жене 112,0 пайызды құрады.
Сумен жабдықтау саласында 5 758,6 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 88,9 пайызды құрады.
Аудан халқы атамзаманнан бейнетке дағдыланған, атақты дала академигінің ізбасарлары еңбек ырғағынан ешқашан жаңылған емес. Айталық, ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнімінің көлемі биылғы жылдың төрт айында 1 479,2 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,6 пайызды құрады.
Мал шаруашылығында төрт түлік мал басы мен өндірілген өнім көлемінде де тұрақты өсім бар. Есепті кезеңде меншіктің барлық нысандары бойынша 33 307 бас ірі қара мал, оның ішінде 16 983 бас сиыр, 16 333 бас жылқы, 2 701 бас түйе, 42 409 бас қой мен ешкі, 15 213 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 129,3 пайызға, сиыр 102,0 пайызға, жылқы 142,7 пайызға, түйе 87,1 пайызға, қой мен ешкі басы 125,2 пайызға, құс 102,3 пайызға артты.
Есепті мерзімде 845,2 тонна ет (тірідей салмақпен), 1 330 тонна сүт, 57,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 106,0 пайызға, жұмыртқа өндіру 101,4 пайызға артып, сүт өндіру 100,3 пайызды құрады.
Егін шаруашылығы саласының дамуында да серпіліс бар. Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымының барлық нысандарында 2023 жылы барлығы 9036 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланды, оның ішінде күріш 3610 гектар, көкөніс 1330 гектар, ескі жоңышқа 1849 га, жаңа жоңышқа 575 га, бау-бақша 990 га, картоп 500 га, жаздық бидай 107 га және75 га сорго егу жоспарланып отыр.
Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 80 маманға 414,0 млн теңге және көтерме жәрдемақыға 110 маманға 37,9 млн теңге қаржы бөлінді.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 49 151 млн теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 115,5 пайызды құрады .
Қаржының 3 141,4 млн теңгесі (6,4%) республикалық бюджет, 16 811,6 млн теңгесі (34,2%) жергілікті бюджет, 25 258,5 млн теңгесі (51,4%) жеке қаражаты, 3 940,0 млн теңгесі (8,0%) қарыз қаражаты есебінен игерілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 932 млн теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 125,8 пайызды құрады.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2023 жылдың 1 мамырына жалпы ауданы 101 175 шаршы метр, оның ішінде мемлекеттік меншік қаражаты есебінен 4 403 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 92 966 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,2 пайызды құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттен барлығы 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 8 139,0 млн теңге бөлінді. Оның ішінде Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 84 пәтерлі 6 тұрғын үй салуға 2 746,0 млн теңге, Сырдария өзенінің сол жағалауында №2-ші шағын ауданына 470 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 5 365,5 млн тг, Қызылорда қаласының СПМК – 70 ауданындағы № 2 тұрғын кварталында 50 пәтерлі № 8 тұрғын үйдің құрылысына 27,5 млн теңге, Сырдария өзенінің сол жағалауынан халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 600 пәтерді сатып алуға 6 322,5 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 12 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 773,8 млн теңге бөлінді.
2023 жылдың 1 мамырында қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара тізімдері бойынша 28 041 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында 1419, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар – 4 624, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында – 10559, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 10900, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 532.
Қызылорда қаласы бойынша апаттық деп танылған 42 көпқабатты және 3 жер үйлер тіркелген.
Қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында Ұлттық қордан, республикалық, облыстық бюджеттерден барлығы 4790,9 млн теңге бөлінді.
Ал сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту барлығы 3 892,3 млн теңге бөлінді. Газ тасымалдау жүйесін дамыту үшін «Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салу» жобасына облыстық бюджеттен 57,4 млн теңге бөлінді, Қосшыңырау ауылдық округінің Абай, Досан елді мекендеріне газ құбыры желілерін салуға республикалық және облыстық бюджеттен 662,7 млн теңге, Ақжарма ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттамасық құжаттамасын әзірлеуге 18,8 млн теңге бөлінді.
Спорт объектілері бойынша Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салуға облыстық бюджеттен 542,1 млн теңге бөлінді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Талсуат ауылдық округінде 150 орындық ауыл клубының құрылысын аяқтауға республикалық бюджетен 100,2 млн теңге және Қарауылтөбе ауылдық округінде 150 орындық ауыл клубының құрылысын аяқтауға республикалық бюджетен 54,2 млн теңге бөлінді.
2023 жылдың 1 мамырына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 15 786,4 млн теңгені құрап, 18 187,2 млн теңгеге немесе 115,2 пайыз орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 6 584,6 млн теңгенің орнына 8 918,1 млн теңгеге немесе 135,4 пайыз артық орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 15 786,5 млн теңге болса, ол 15 722,7 млн теңгеге немесе 99,6 пайызды құрады.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметінше, нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор.
Сондықтан мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін ауқымды қолдаулар жасауда. Қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 140,8 пайызға артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 36 884 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 34 244 бірлік.
«Өнеркәсіптік – инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында Қызылорда қаласы бойынша «Біріңғай индустрияландыру картасына» енгізілген жалпы құны 68,2 млрд теңгені құрайтын 12 жоба (824 жұмыс орны) жүзеге асырылуда, оның бүгінгі күнге 3 жобасы іске қосылып жұмыс жасауда. Қала бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 2076,4 млн теңгені құрайтын 204 жобаны қаржыландыру көзделуде. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша құны 1 529,0 млн теңгені құрайтын 44 жоба, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру бағыты бойынша 131,1 млн теңгені құрайтын 95 жоба қолдау алды, – дейді кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев.
«Іскер» бағдарламасы бойынша жоба құны 289,3 млн теңгені құрайтын 49 жоба қаржыландырылды.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы өз қаражаты есебінен жалпы құны 103,6 млн теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылды.
«Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы «Жастарға арналған несие» (2,5%) бойынша жалпы құны 23,4 млн теңгені құрайтын 5 жоба қолдау алды.
Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 846,5 млн теңге, оның ішінде 10,3 млн теңгесі құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыруға бөлінді.
Жыл басынан бері 34,1 мың м³ күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша барлығы 1 184,1 млн теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары, жаяу жүргінші көпірін күтіп ұстау жұмыстарына сонымен қатар «Жайна» сауда үйінің аумағында Қазыбек би көшесіндегі жаяу жүргінші көпірі, Абай даңғылы Болашақ университеті аумағындағы жаяу жүргінші көпірі, Жібек жолы көшесімен Ділманов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші көпірі, қалаға қарасты көше жиегіндегі және көпқабатты үйлер ауласындағы бордюрлерді жөндеуге және ауыстыру, Сүлейменов көшесіндегі №64, № 51 және 51А көпқабатты тұрғын үйлердің аула ішілік жолдары мен автотұрақтарын жөндеу, Әйтеке Би көшесіндегі №23 көпқабатты тұрғын үйдің аула ішілік жолдары мен автотұрақтарын жөндеу) бағытталады. Қызылжарма, Жібек жолы каналдарын күтіп ұстауға ОБ-27,9 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар қала көшелерінің төл құжаттарын дайындауға қалалық бюджеттен 16,3 млн. теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу жұмыстарына 17,1 млн. теңге бөлінді.
Қызылорда қаласының 823 көшесінің 170 көшесі ұзындығы 352,8 шақырымы жарықтандырылған, 10 537 - жарық бағаналары, 9 994 - жарық шамдары, 59 скверлер мен аллеялар және 86 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылған.
Жарықтандыру жұмыстары бойынша барлығы 913,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 7,5 млн. теңгеге Мырзабаев көшесін Астана даңғылынан Ж. Бекхожаев көшесіне дейін түнгі көше жарықтары орнатылады (0,5 км).
Қызылорда қаласының аумағында жалпы ұзындығы 694 шақырым болатын 823 көше бар. Оның ішінде 823 көшенің 546-ы асфальттанған, 189-не тас жол төселген, 88-і қара жол.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 8 332,6 млн. теңгеге 177,3 шақырымды құрайтын 252 көшенің орташа және ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде 36,1 шақырымды құрайтын 46 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 992,9 млн теңге бөлінді. (Қызылжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтеріне)
Белкөл кентінде теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін аяқтауға облыстық бюджеттен 109,4 млн теңге бөлінді.
Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпір құрылысының толық бітуі үшін Ұлттық қордан 331,7 млн және облыстық бюджеттен 34,9 млн теңге қаралды.
Сондай-ақ, Ғани Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына Ұлттық қордан 288,5 млн теңге, облыстық бюджеттен 32,1 млн теңге ұсынылды.
Ал, Н.Назарбаев даңғылынан «Қызылорда – Құмкөл» трассасына дейінгі Сұлтан Бейбарыс көшесін реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттен 2 349,0 млн теңге бөлінді.
Қызылорда қаласындағы Е.Көшербаев көшесін С.Бейбарыс көшесінен Бөкейхан көшесіне дейінгі автомобиль жолын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 434,4 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 105,7 млн теңге бөлінді, оның ішінде 45 дана бағдаршамды күтіп ұстауға 17,4 млн теңге, жол белгілерін орнатуға 17,2 млн теңге, жол белгілерін күтіп ұстауға 5,4 млн теңге, жасанды тегіс емес қондырғы орнатуға 4,5 млн. теңге, жол таңбаларын сызуға 61,2 млн теңге бөлінді.
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 204 бала есепке алынған.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 147,9 мың адам (жұмыссыз адам саны 6962), жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста көрсеткіш – 4,9 пайызды құрады. (2022 жыл)
2023 жылдың 1 мамырына тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 7 416 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады.
Жыл басынан 5 577 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 282 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қалалық білім бөліміне қарасты 56 жалпы білім беретін мектеп және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Олардың ішінде 11 мектеп-лицей (№3, 5, 7, 10, 11, 15, 23, 101, 136, 264, 268, 282), 3 мектеп-гимназия (№1, 9, 212), 1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі (№2) бар.
Бөлімге қарасты 5 мектептен тыс мекемелерде 5766 бала түрлі үйірмелермен қамтылған. 2022-2023 оқу жылында қала мектептерінде 68 268 оқушы білім алуда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1299 оқушыға артып отыр. Орта білім беру ұйымдарында жалпы 7 480 мұғалім дәріс берді. Олардың 6614 жоғары білімді және 466 арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 346 жоғары санатты, 548-і І санатты, 557-і ІІ санатты мамандар, педагог шебер 12, педагог зерттеуші 2172, педагог сарапшы 1822, 1433 педагог модератор бар, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов.
Ерлан Теңізбайұлының айтуынша, Қызылорда қаласы бойынша 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 1881 оқушы бітіріп, оның 1666-і (88,6 пайызы) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. Нәтижесінде 1265 оқушы мемлекеттік грант конкурсына қатысып, 912 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Қызылорда қаласы бойынша ҰБТ қорытындысымен жалпы орташа балл-81,5 құрады. 2021-2022 оқу жылының қорытындысымен 154 оқушы «Алтын белгі», 114 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ең жоғарғы 130 балды үш тілде оқытатын сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің бітірушісі Шаңбай Ұлжан жинаса, 100 балдан жоғары жинағандар саны – 207 оқушы.
Қалалық білім бөліміне қарасты 241 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 28 мемлекеттік балабақша (5373 бала), 205 жеке балабақша (17337 бала), 5 мектепке дейінгі шағын орталық (95 бала) жұмыс жасайды, барлығы 25487 бала қамтылып, 3-6 жас аралығындағы баланың қамтылуы 100,0 пайызды құрайды.
Бүгінде қала бойынша 2 қалалық мәдениет Үйі, 1 кенттік мәдениет Үйі; 1 қалалық клуб, 1 кенттік клуб; ауылдық округтерге қарасты 3 ауылдық мәдениет Үйі; 4 ауылдық клуб; орталықтандырылыған кітапханалар жүйесіне қарасты 8 ауылдық, 13 қалалық кітапханалар, 1 қалалық тарихы музейі; барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.
2023 жылғы қалалық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында өткізілген мәдени шаралар-145, қамтылған көрермен-36 075, үйірме саны 90, 106бала үйірмеге қатысады. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2023 жылғы көрсеткіштері бойынша кітапхана саны- 21, оның ішінде ауылдық кітапхана-8, оқырмандар саны-10975, кітап берілімі-164655, келушілер саны-77999, кітап қоры – 646056 құрап отыр, – деді мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов.
Бүгінгі күнге қала көлемінде 84 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды - 4, жергілікті маңызда - 31 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 44.
Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 36, және 29 бюсттер бар.
Қызылорда қаласында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан бар. оның ішінде 3 стадион, 10 спорттық кешен, 108 спорт залдары, 6 бассейн, 1 хоккей корты, 2 ату тирлері, 8 теннис корты, 105 қосымша салынған және лайықтандырылған ғимараттар, 439 қарапайым спорт алаңдары, 1 ипподром, 1 жеңіл атлетикалық манежі бар.
2021 жылы шұғылданушылар саны 112 649 адам, яғни 34,4 пайызды құраса, 2022 жылы бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 127 838 адамға жетіп, 36,6 пайызды құрады.
Бөлім тарапынан бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлесіп 2023 жылдың қаңтар айынан бері 30 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 5 710 спортшы қамтылды.