Kyzylorda-news.kz. Апта басында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Қызылорда облысына арнайы іссапармен келіп, облыс әкімінің қабылдауында болды және белсенді қоғам өкілдерімен кездесті.

Жұмыс сапары аясында Арман Шакқалиев аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, экспортты дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметпен қабылданған шаралар туралы, «форвардтық сатып алу», «айналым схемасы», сауда инфрақұрылымын дамыту, техникалық және экономикалық тұрғыдан ішкі нарықты қорғау және сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйеленіп, олардың құрамы күшейтілгендігі туралы айтылды.

Басқосу барысында Арман Абайұлы жергілікті мемлекеттік кірістер департаментін өңірлік комиссиялармен жұмысты белсенді түрде құруға шақырды.

Әрі қарай вице-министр облыс тұрғындарын тұтынушылар құқығын қорғау, ішкі сауданы дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және басқа да мәселелер тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Тұрғындармен кездесу аясында вице-министр жеке қабылдау өткізіп, бизнес өкілдерімен де жүздесті.

Негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аймақтағы белгілі «Абзал и К», «Жан Арай», «Алтын қамба», «Алтын орда» және «Далатекс» компанияларын аралап, кездесулер ұйымдастырды.

Жұмыс сапарының соңында журналистердің сауалына жауап берді.

Тағы да оқыңыз: