Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде

28.10.2020, 10:00

181 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы күріш егуші өңір ретінде белгілі. Алайда, су тапшылығына байланысты жыл сайынғы проблемалар суды қажет ететін дақылдардың егісін азайту қажеттілігін туындатады.

Сондықтан, ғылыммен бірге ылғал тұтынатын дақылдардың, атап айтқанда, күріштің егіс алқаптарын қысқарту және дәстүрлі күріш өсіруден алшақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін ылғалды аз сіңіретін дақылдар – соя, жүгері және басқа да дақылдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа заманауи суғару жүйелерін – тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйелерін, аквагельдерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Облыстың Жаңақорған ауданында аквагельдерді пайдалану бойынша жақсы жұмыс тәжірибесі бар. Күздік бидай себілген 80 га жерден орта есеппен гектарынан 18 центнерден өнім алынды. Енді бұл тәжірибені облыстың өзге өңірлеріне тарату жоспарлануда.

0

Пікір қалдыру