*Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты кездесу өтті. Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев атқарылған жұмыстарды баяндады.*
Жыл басынан бері тапсырыс берушілермен 2944 конкурстың 2808-і немесе 95% жарияланды. Нәтижесімен, 1363 сатып алуы бойынша 5 млрд. теңге үнемделген.
Қалған 1445 конкурстың және жыл соңына дейін өткізу жоспарланған 136 сатып алудың өткізілуі бақылауда.
Жарияланған сатып алулардың 945 – басқармамен ұйымдастырылып, былтырмен салыстырғанда 40%-ға көбейіп отыр.
Ал, қала және ауданның бірыңғай ұйымдастырушыларымен 1573 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, бұл көрсеткіш 36%-ға артқан.
Тапсырыс берушілермен 290 дербес конкурс ұйымдастырылып, былтырға қарағанда 50 бірлікке азайған.
Яғни, барлық өткізілген сатып алулардың 90% бірыңғай ұйымдастырушыларымен жүргізілуі оларға деген сенімнің былтырмен салыстырғанда, артқанын көрсетіп отыр.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік сатып алу конкурстарының заң аясында өтуін қатаң бақылауда ұстап, бөлінген қаржының уақытылы игерілуін тапсырды.