Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы алынып тастау туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әдіснама департаментінің директоры Дәулет Жарылғасынов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұл салық сомасының мардымсыздығына және әкімшілік шығындардың көптігіне, нысандардың көптігіне және есептеудің күрделілігіне байланысты», – деп түсіндірді Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, мұндай жаңашылдықтар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасында қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстан жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеуді кейінге қалдыруға ниетті екендігі туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыз: