Kyzylorda-news.kz. Көптен айтылып жүрген «Қарлаң» көпірінің құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Бұл аудан орталығы мен Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасарық, Лақалы, Кәукей, Ажар, Тасөткел ауылдарының тұрғындары үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау болып табылады.
Жақын күндері мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы анықталған соң Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіндегі темір бетон көпірінің құрылысы басталады деп күтілуде.