Kyzylorda-news. kz. Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 773,1 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өсім өңдеу өнеркәсібінің 14,5%-ға арту есебінен құралып отыр дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов.

Өңір экономикасына 302,8 млрд. теңге инвестиция салынды.

«Өткен жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 45,2 млрд. теңгені құрайтын, 456 жұмыс орны бар 4 жоба іске асырылды. Олар «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы», «Ас тұзын өндіру», «Жаңақорған ауданындағы керамзит және керамзит блоктарын өндіру», қуаттылығы жылына 630 тонна күріш өңдеу цехы пайдалануға берілді», – Ринат Мәжитұлы.

Сонымен қатар, былтыр 38 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 17-і пайдалануға берілді. Оның 5-і білім, 7-денсаулық, мәдениет және спорт саласынан 2 нысаннан салынды. 103,3 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды.
Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 166,8 млрд. теңгені құрады. Бұл салада оң тенденция мал шаруашылығы есебінен қалыптасып отыр.

Тағы да оқыңыз: