Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 620,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға артқан. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі – 2,6 пайызға, құрылылыс жұмыстары – 2,0 пайызға өскен.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабайдың айтуынша, биылғы жылдың он айында өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 12,4 пайызға артқан. Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 7,5 пайызға, тау кен өндіру саласы – 8,5 пайызға өскен. Аймақта құрылыс жұмыстары қарқын алып, салыстырмалы түрде 0,6 пайызды құрады. Сәйкесінше, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 4,2 пайызға өсу динамикасы қалыптасты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні 615 пәтерлік 37 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өңірде сауда көлемі – 2,1 пайызға өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 5,8 пайызға артып, 50 492 бірлікке жетті. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд. теңгені құрайтын 163 жоба іске қосылып, биылғы жылы 74 жобада 426 жұмыс орны құрылды. Аталған жобаларда қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және басқа да өнімдер өндірілуде. Азық түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері бағаны тұрақты ұстап тұру үшін облыстық бюджеттен 900,0 млн. теңге бөлінді. Жалпы облысқа биыл 218,8 млрд. теңге инвестиция тартылды», – деді басқарма басшысы Нұрғали Рахымшаұлы.

Тағы да оқыңыз: