Kyzylorda-news.kz Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтың Арал ауданындағы жұмыс сапары Сексеуіл кентінде жалғасты.
Депутат кентте салынып жатырған жоба құны 2,6 млрд.теңге құрайтын 300 орындық Жайлы мектептің құрылыс жұмысымен танысты.
Бас мердігер «Техоснастка – Ремсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуде. Қазіргі таңда оқу корпусының кірпішін қалау жұмыстары мен қалған корпустарының іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде.
Мұнан соң фракция мүшесі «AMANAT» партиясының Жол картасына енген Сексеуіл кентінде АГТС орната отырып «Бейнеу-Шымкент» магистарльды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу жобасының жұмысымен танысты.
Мердігер «StroyGaz Company» ЖШС-гі жобада қаралған 14,017 км магистральды газ құбырының – 13,9 км газ құбыры монтаждалды. 0,117 км құбыр траншеясы қазылып, газ құбыры дәнекерленді. «Бейнеу-Шымкент» магистаральды газ құбыры бойының қорғаныш аймағына (охранный зона) кіруге рұқсат құжаттары рәсімделген. АГТС-сын электрмен жабдықтау жүйесінің бағаналары тұрғызылып, ВЛ-0,4 және ВЛ-10 кВт электр желілері тартылған, қажетті КТПН нысан басына жеткізіліп орнатылған. АГТС орнатылатын алаңның темірбетонды төсеніштері монтаждалып, алаңды қоршау жұмыстары жүргізіліп, АГТС қондырғылары монтаждалды. Кірме жолы бойынша 2300 тонна қиыршық тас материалы тасылып жеткізілгендігін баяндады.