Kyzylorda-news.kz   Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, экономикалық және экологиялық қорымыз. Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан Қазалы ауданы үшін орман шаруашылығының орны ерекше.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына орай экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған жұмыстарды жоғары деңгейде атқару үшін қазалылық орманшыларға қолдау көрсетіліп келеді.

Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі комуналдық мемлекеттік мекемесінде көктемдік жұмыстары сексеуіл тұқымынан жиырма гектар егілген уақытша тұқым бағында екі миллион төрт жүз мың көшет қазылып, Арал теңізінің ұлтанына он бес мың гектар жерге сексеуіл егу жұмыстарын жоспарланған тасмалдап егу жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, тұқым бақ егу мектеп бөлімшесі бар бір гектар қарағаш, үйіңкі, каталпі, сумах, айлант деген тал түрлері егіледі, бір гектар саялы ағаш тұқым бағын және мектеп бөлімшесі құрылып соған қырық мың дана үйіңкі талынан қаламша егіледі. Ағаш егу маусымы сәуір айынан басталады. Сәуір айында тұқым егіп бастап, мамыр айында қаламша тігіледі. Қаламша сыр талынан және терек, жидеден жасап, тігеміз. Бір гектар жерге қырық мың дана қаламша егіледі. Қазалы ауданы бойынша көгалдандыруға он бес мыңға жуық көшеттер босатып отырмыз дейді, – орман молықтыру инженері Айгүл Башен.

Жыл көлемінде, атқарылатын жұмыстардың легі толастамайды. Мысалы, Арал теңізінің құрғаған ұлтанына көктем айында он бес мың гектар жеріне сексеуіл көшетін отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, екі миллион үш жүз мың дана көшетін қазу, көктем айында қаламшадан егілетін мектеп бөлім отырғызуға бір гектар жерін дайындау, жырту, қарықтау және қырық мың дана сыр талы қаламшаларын дайындап егу жұмыстары. Сонымен бірге, жаз айларында екпелерді күтіп-баптау жұмысы – бір жүз он гектар, қолмен отау жиырма гектар, бір мың отыз шақырым жерге минералды жолақтарды жаңғырту және алпыс бес шақырым минералды жолақтарды жаңадан жүргізіледі. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына күз айында он сегіз мың келі қарабарақ тұқымын және төрт мың сегіз жүз келі сексеуіл тұқымын жинау, он жеті мың гектар жерге қарабарақ, сексеуіл тұқымын себу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанына күз айында төрт мың төрт жүз он алты гектар жеріне толықтыру жұмыстарына, төрт жүз тоқсан бес мың дана көшеттен отырғызу жұмыстарына ден қойылуда. Орман тұқымбағына жиырма гектар жер дайындау, қара сексеуіл ағашының тұқымын себуге бір мың екі жүз келі сексеуіл тұқымын жинау, ағаштарды орман патологиялық зерттеу жұмысы сексен тоғыз мың тоқсан бір гектар жерге жүргізіліп келеді. 2024 жылға көктем айына жетпіс алты мың дана көшетін босатуға (клен), көктем, күз айларында шолып тексеру жұмыстары жоспарланып отыр. 

Тағы да оқыңыз: