Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 20,2 млрд.теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 23,6 пайызға артты. Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 25,9 пайызға өсім қалыптасты. Ал аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 6 мыңнан астам азамат 7,5 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш 2,8 пайызға өсті. Жалпы былтыр бұл ауданда жаңадан 25 кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

«Жалпы былтыр Қазалы ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып, әр салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, ауданның бюджет қазынасы 21,2 млрд.теңгеге бекітіліп, жыл соңында бюджет көлемі 22,6 млрд.теңгеге жетті. Сондай-ақ, ауданда өткен жылы 15,6 млрд.теңгеге жуық инвестиция тарту межеленген болатын. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,6 млрд.теңгені құрап, 38,1 пайызға көбейді. Бұдан бөлек, жалпы құны 25,7 млрд.теңгені құрайтын 41 инвестициялық жоба дайындалды. Алдағы уақытта облыстық басқармалар арқылы тиісті орталық атқарушы органдарға ұсынылатын болады. Қазалыда құрылыс саласы да қарқынды дамып, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар ашылды. Атап айтқанда, былтыр жеке сектор есебінен тұрғын үй құрылысына 4,4 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 54 022 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды. Нәтижесінде, тұрғын үй қоры 1,8 пайызға көбейді. Сонымен қатар Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз сумен, газбен және электрмен жабдықтау үшін 251,4 млн.теңге бөлінді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар істеледі», - деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісінің құрылысы басталады. Бұған қоса, аудан орталығынан көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 32,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда барлық тиісті құжаттары дайындалды. Ал биыл аудан орталығындағы 4 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, талапқа сай жаңартылмақ. 

Тағы да оқыңыз: