Kyzylorda-news.kz. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – еліміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Қазалы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,1 процент (+392 бірлікке артып), 5 893 бірліктіқұрады.Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 7,1 процентке артып отыр.

Жыл басынан жаңадан1858 кәсіпкер тіркеліп, жабылған кәсіпкерлердің саны 1399 бірлікті құрап, яғни жыл басынан бері ШОК субъектілерінің саны 459 бірлікке көбейді.

Дегенмен, кейбір ауылдық округтерде әлі де ашылған кәсіпкерлік субъектілерінің санынан жабылған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі басым.

«Арықбалық ауылдық округінде ағымдағы жылдың 10 айында 19 кәсіпкерлік бірлік жаңадан тіркелсе, жабылғаны 35 бірлікті құрап отыр. Айырмасы -16 бірлікке тең.

Бұл төмен көрсеткіш Қарашеңгел, (-9 бірлік) Аранды, Басықара, Сарыкөл, Сарбұлақ (-6 бірліктен) ауылдық округтерінде орын алып отыр. Әрине, аталған ауылдық округтертердегі кемшіліктер ауданның көрсеткіштерін артқа тартып отырғанын ескеруіміз керек. Ал, өсу динамикасына келетін болсақ, Әйтеке би кенті (+349 бірлік), Қазалы қаласы (+122 бірлік), Майлыбас (+11 бірлік), Ақжона, Көларық (+8 бірлік), Құмжиек (+5 бірлік) ауылдық округтерінде айтарлықтай оң нәтиже қалыптасып отыр. Алайда, осы аталып отырған белсенді кент, қала және ауылдық округтерде бұл көрсеткішпен тоқтап қалмай, өсу қарқынын жоғарылатуға жұмыстарын ширатуы қажет. Жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілері бойынша саны 5631 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,8 процент. Белсенділіккөрсеткіші 95,6 процентті құрады. Бұл көрсеткіш бойынша 95 пайыздан төмен көрсеткішті Қазалы қаласы – 94,5 процент, Сарбұлақ – 91,4 процентті көрсетіп отыр. Аталған қала және ауылдық окургтерде әрекетсіз кәсіпкерлердің қызметін қайта қосуға жұмыстар атқарылуы керек», - дейді Қазалы ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақтілек Бөрқұлақов.

Сонымен қатар, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген халықтың үлесі небәрі 7,5 процентті құрайды.  Бұл көрсеткіштің төмен екендігін ескеруіміз керек.

Шағын және орта кәсіпкерліктегі халықтың үлесі бойынша 5 пайыздан төмен көрсеткіш Майдакөл (4,9 процент), Басықара, Майлыбас (4,7 процент) ,Алға, Бөзкөл (4,4 процент), Тасарық, Бірлік (4,2 процент), Аранды (4,1 процент), Қарашеңгел (3,4 процент) ауылдық окургтерінде қалыптасқан. 

Бұл көрсеткіш облыс әкімінің де сынына ілікті. Себебі, Қазалы ауданы сауда-саттық дамыған, кәсіпкерлікке бейім аудан ретінде бағаланады. Сондықтан аймақ басшысының жыл соңына дейін аудан кәсіпкерлігіндегі халықтың үлесін 9 процентке жеткізу тапсырмасы тұр. 

«Сондай-ақ, кәсіпкерлердің санын көбейту үшін барлық әкімдерге  өз аумағы бойынша заңсыз кәсіппен айналысушыларды қолданыстағы заңнама шеңберінде салық басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркетуді және өткен жылдары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант қаражатына ие болып, кәсіп ашқан азаматтардың қызметін қатаң бақылауға алып, жеңілдетілген несиемен қамтудыұсынамын. Себебі, көрсеткіштің төмендеуі осы кәсіпкерлердің кәсібін жыл өткен соң жауып тастауы салдарынан орын алып отыр.

Бұдан бөлек, ШОК субъектілерінің санын жыл басымен салыстырғандаөсу қарқынын кемінде 10 процентке арттыру мақсатында аудан әкімімен бекітілген Қазалы ауданындатіркелген және жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілері бойынша 2022 жылдың қорытындысымен қолжеткізілу қажет межесінің іс-шара жоспары ұсынылған болатын. Мұндағы мақсатымыз әрбір әкімшілік аумақтағы кәсіпкерлер санын ай-сайын арттыру болатын. Бұл меже бойынша 10 ай қорытындысымен тіркелген және жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілері санын ұлғайту яғни, 2 бағыт бойынша тек Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Ақжона,Алға, Майдакөл, Мұратбаев, Майлыбас, Өркендеу ауылдық округтерінде ғанаорындалған. Қалған ауылдық округтерде 10 ай қорытындысымен кәсіпкерлер санын қажетті межеге жеткізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмегендігін аңғартады», - деді бөлім басшысы. 

Ендігі кезекте, кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлер санын арттыру үшін кәсіпкерлік бастаманы қаржылай қолдау шараларын жүргізу өте маңызды. Бұл бағытта ағымдағы жылдың 10 айында аудан кәсіпкерлеріне сауда айналымын қаржыландыру, өндіріс түрлерін ашу және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында түрлі қаржы ұйымдары тарапынан 636өтінішкежалпы көлемі 3 млрд 523млн500 мың теңгенің несиесі мен грант қаражаты берілген.Ауданға қарасты барлық әкімшілік-аумақтық бірліктің кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Атап айтар болсақ, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде (БЖК – 2025) және мемлекеттік бағдарламадан тыс екінші деңгейлі банктер арқылы – 194  жоба, 2 млрд 63млн 600 мың теңге.

КС «Қазалы Несие» ЖШС арқылы – 9 жоба, 441 млн 400 мың теңге болса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы – 23 жоба, 180 млн 800 мың теңге. «Атамекен – Қызылорда» МҚҰ арқылы – 13 жоба, 56 млн 100 мың теңге және «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы – 12жоба, 78 млн 400 мың теңге.

Ал КС «Сырдария 1» ЖШС арқылы – 15 жоба, 195 млн 500 мың теңге, КС «Ауыл» ЖШС арқылы – 3 жоба, 58 млн 4 мың теңге, 400 АЕК көлеміндегі «Стартап» грант жобасы арқылы – 366 жоба,446 млн 400 мың теңге және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыру жобасы бойынша – 1 жоба, 2 млн 900 мың теңге.

Сонымен қатар, түрлі қаржы ұйымдарында аудан бойынша 401,6 млн теңгенің 44 жобасы қаржыландыруды күтуде.

Сондай-ақ, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік экономикалық қажеттілігіне қарай, өз аумағында жоқ кәсіп түрін ашуға бетбұрыс жасауы қажет. Мысалы, қызмет көрсету саласында қоғамдық монша, автокөлік жуу, вулканизация, шаштараз т.б. ал, өндірістік мақсатта нан-кондитер цехы, құрылыс бұйымдары цехын ашқысы келетіндерге қаржылай қолдау жұмыстарына сүйемелдеуді  күшейту керек.

Осы ретте, әрбір әкімшілік аумақтық бірліктің ШОК субъектілерінің экономикалық қызмет түрлеріне талдау жасалып, кәсіпкерлік паспорттары жасалған болатын. Нәтижесінде, Алға, Басықара, Бозкөл,Бірлік, Құмжиек, Майлыбас, Тасарық ауылдық округтерінде қоғамдық монша, шаштараз сынды қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік қызмет мүлде тіркелмеген.

Ендігі кезекте, осы жұмыстарды өз деңгейінде орындау мақсатында сыртта жүрген табысты азаматтарды елге инвестор ретінде тарта отырып, өңірімізде қызмет көрсету немесе өндіріс бағытындағы бизнестерін дамытуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және салық базасының ұлғайюына септігін тигізу үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыру қажет деп ойлаймын.

Осы жерде, 2021 жылы Ақтөбе қаласының кәсіпкері, Бекарыстан би ауылының тумасы, жерлесіміз Болат Сансызбаев Майдакөл ауылдық округінде 100 орынға арналған бала-бақша құрылысын пайдалануға беріп, жергілікті жерлен 17 адамды жұмыспен қамтығандығын тілге тиік етіп айтуға болады.

«Сонымен қатар, 2022 жылдың 10 айының және жыл қорытындысымен облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласының макроэкономикалық көрсеткіштері мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралыкеңейтілген мәжілістер ұйымдастырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы аймақ басшысының басты назарында және бұл сектордың экономикадағы рөлінің жоғары екенін ескере келе, әрбір көрсеткіштердің орындалуын мұқият қадағалап, өз әкімшілік аумақтарыңыз бойынша кәсіпкерлер санының азайып кетуіне жол бермей, керісінше олардың санын ұлғайтуға  жұмыс жасап, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлердің қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылауға алуға шақырамын», – дейді бөлім басшысы А.Талайлыұлы.

Фото: Сitynews.kz 

Тағы да оқыңыз: