Kyzylorda-news.kz  Бүгін облыс әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жалғастыру жоспары талқыланды.

«Таза Қазақстан» жай ғана маусымдық акция емес, халықтың экологиялық мәдениетін, тазалыққа, ең бастысы, тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мемлекет басшысы: «Қазақстанымыз таза болуы қажет. Бұл жұмыстар елорда және ірі қалаларда ғана емес, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылуы тиіс», – деп атап өтті. Осыған орай, акцияны жалғастырудың облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жыл соңына дейін үздіксіз жүретін болды.

Қазір Қызылорда қаласы аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының бөлінісі жасалды. Ол бойынша әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың қасбетін қалыпқа келтіру, көше, жол бойы тазалығын қамтамасыз ету, жол белгілерін түзету ұйымдастырылмақ. Облыстық басқарма басшылары өздеріне қарасты мекемелердің тазалығын, абаттандырылуын, қасбеттерінің талапқа сай болуын бақылауға алуы қажет. Барлық жұмыс бекітілген іс-шараға сәйкес сапалы атқарылуы тиіс.

Мәжілісте облыстық қоғамдық даму басқармасына экологиялық акция кезіндегі шараларды жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тапсырылды. Акцияға бюджеттік сала, кәсіпорындар қызметкерлері, өнеркәсіп мекемелері мен белсенді жастар ұйымдары, волонтерлар жұмылдырылуы тиіс.

Елді мекендердің көркеюі мен көгалдандырылуына, абаттандырылуына, санитарлық тазалығына, экоакцияның жоғары деңгейде өтуіне барлық мекеме біркісідей атсалысуы қажет екені ескертілді.

448700495_767332552254658_8413784901906167554_n.jpg448656863_767332428921337_5933040424714742062_n.jpg

Тағы да оқыңыз: