Kyzylorda-news.kz.  Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жоспарланған құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөнінде облыстық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен өткен кеңесте Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосатын 57 жобаны ұсынды.

Басқосуда ұсынылған жобалардың қаржыландыру көздеріне тоқталды. Бірқатар ұсыныстар әлі де зерделеніп, оңтайландыру қажеттігі айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы білім, мәдениет, спорт, жалпы әлеуметтік саланың дамығанын қолдайтынын білдірді. Дегенмен, бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су, газ, жол инфрақұрылымдарын жеткізу, осы мәселелерді шешу маңыздырақ екеніне көңіл бөлудің кезі екені жеткізді.

Қазіргі уақытта аудандар мен Қызылорда қаласында жоба-сметалық құжаттарға қаржы бөлу тоқтатылды. Облыс бойынша 205 дайын жоба бар. Оны іске асыруға 124 млрд теңге қажет.
Айта кету керек, Кеңес мүшелері жоба құжаттарының өзектілігін, тиімділігін және сәулеттік келбетінің үйлесімділігін қарайды. Ол үшін Кеңес құрамына белгілі қаржыгерлер, құрылысшылар, жобалаушылар, өз саласының білікті мамандары тартылған.

Тағы да оқыңыз: