Kyzylorda-news.kz. Талаптыға нұр жауар. Қазақстан ауқымды реформалар табалдырығында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шараларды атап өтті. Осылайша, азаматтардың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл шара бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің әл-ауқатына оң әсер етеді. 

2021-2023 жылдар аралығында еліміздің мемлекеттік медициналық мекемелеріндегі 6 мыңға жуық медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын өсті, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінікі 20%-ға. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша резидентурадағы гранттар саны 70%-ға ұлғайды. Ауыл медицинасын жақсартуға қаражат бөлініп, жаңа ауруханалар салынатыны атап өтілді. 

Бүгінде денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруымыз керек. Азаматтар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігінің жақсарғанын сезініп, көруі керек.

Жалпы, елімізде атқарылып жатқан бірқатар шаралардың нәтижесінде халық сұранысына ие дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі ұлғаймақ, ал оларды тіркеу, сараптау және баға белгілеу ашық болмақ.

Еліміз бен азаматтарымызға қатысты көптеген маңызды және өзекті тақырыптар қозғалды. Мемлекет басшысы еліміздің әрбір азаматы Әділ Қазақстанды құруға жауапты екенін атап өтті: «Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайтыны сөзсіз».

Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 
Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры 
 

Тағы да оқыңыз: