Kyzylorda-news.kz. Жаңа денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, бір жылға жетпей қазақстандықтардың неліктен МӘМС-ке көңілі толмайтынын анықтап, мәселені шешеміз мәлімдеді. Бұл туралы Altyn-orda.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлназарованың сөзінше, МӘМС-тен бас тартуға болмайды. Бұл — министрліктің өзгермейтін көзқарасы.

Тұрғындардың жүйеге сұрағы көп екенін түсінемін. Жүйені қайта іске қосуымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы істі қолға алдық. Біз қазір медициналық ұйымға ақшаны жіберу жұмысын жеңілдетуіміз керек. Себебі медициналық қызметкерлерге де, ұйымдарға да белгілі бір туындайды, ол, әлбетте, медициналық қызметті көрсету сапасына әсер етеді”, – деді министр. 

Министр қызметіне енді ғана кіріскен Ақмарал Әлназарова бірінші кезекте тұрғындардың неліктен МӘМС жүйесіне көңілі толмайтынын анықтап, түсінуге, олардың шағымын азайтамыз деп уәде берді. Оған көп уақыт та керек емес дейді. Министрдің сөзінше, бәрін талдауға кететін уақыт бір жылға жетпейді. 

Тағы да оқыңыз: