Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 98 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тұрғындары.

26 сәуір 12:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 18 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 2, Шиеліде – 10, Сырдария – 5, Жаңақорғанда – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 98 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 12, Арал ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 12, Шиелі ауданында – 51, Жаңақорған ауданында – 17 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: