Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 110 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.
27 сәуір 17:05-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 2 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Олар – Сырдария және Шиелі аудандарынан.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 110 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.