Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың 28 сәуірінде Қызылорда облысы бойынша барлығы 3250 тұрғынға «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасалды.
Ал жалпы 01.02-28.04 аралығында қала бойынша -17712 , аудан бойынша – 10026, барлығы – 27738 тұрғынға «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасалды.
Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайларына шағымдары жоқ. Барлығы авторизациялаудың біріңғай тетігі арқылы «Денсаулық сақтаудың біріңғай ақпараттық жүйесіне» енгізілді.