Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 108 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қазалы, Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

27 сәуір 12:50-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 9 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Қазалыда – 1, Сырдария – 6, Шиеліде – 2 науқас қауіпті індеттен айыққан.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 108 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: