Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енді.  Бұл бағыттағы ағымдағы және маңызды мәселелер өңірлерде МӘМС-ды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың көшпелі отырысында талқыланды.

Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ильяс Бакиров, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов, “Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі” Қазақстандық медицина университетінің даму жөніндегі проректоры Құралбай Құрақбаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Науырызбай Байқадамов, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» облыстық филиалының директоры Сәуле Нәлібаева, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, өңірлік штабтың мүшелері, аймақтың медицина қызметкерлері қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90% астамы (17 млн адам) МӘМС  қатысушылары болды. Оның ішінде 11 млн-ға жуық адам – бұл 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, ал олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады.

Облыс халқының жалпы санынан 802,3 мың адам, 471 мыңнан астам тұрғын (58,8%) азаматтардың 15 жеңілдік санатына жатады. МӘМС-тің қалған қатысушылары – жалдамалы жұмысшылар  (231 694 адам), жеке кәсіпкерлер (26 993 адам), Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер (1 186 адам).

Облыс тұрғындарының 21 520 өзектендіруді қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақын күндері шешу тапсырылды.

   Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 қантарға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд. теңге аударды. Республикада осы кезеңде 251,2 млрд.теңге түсті.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 56 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым (50%), 28 жеке меншік (50%).

Дәрігерлердің жалақысын 30% – ға дейін, орта буын қызметкерлерінің 20% – ға көтеру мәселесі ерекше бақылауда. 2019 жылдың желтоқсан айына облыс көлемінде дәрігерлердің орташа айлық еңбекақысы – 159 187,77 теңге болса, қаңтар айында бұл көрсеткіш 29% – ға артып 205 800,52 теңгені құрап отыр. Орта буын қызметкерлерінің айлық еңбекақысы 2019 жылдың желтоқсан айында 112 872,35 теңге болса, ол қаңтар айында 138 731,14 теңгеге дейін өсіп, 23% артқандығын көреміз.    

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен сәйкес, медициналық көмек ауқымының 25% ұлғаюына орай, 2020 ж. Қызылорда облысы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті  57 124 851,8 мың тенгені құрап отыр.

Атап айтқанда, кеңес беру диагностикалық көмек түрі – 555%-ға, яғни 6 есеге, стационарды алмастыратын көмек – 85%-ға, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту – 3554%-ға, яғни 13 есеге, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі – 162%-ға, яғни 2,6 есеге, онкогематология – 144%-ға, яғни 2,4 есеге  қаражаттарының артқандары анық байқалып тұр.

2020 жыл бюджетінің 40 879 408,4 мың теңгесін немесе 71,4 %-ын ТМККК көлемі құраса, 16 246 443,4 мың теңгесін немесе 28,4% – ын МӘМС қаржысы құрайды.

Барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінде өз жарналарын төлеу арқылы, оның ішінде медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы медициналық көмек ала алады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша барлық 21 медициналық ұйымда (56 МҰ-дан) төлем терминалдары орнатылды.

Халықпен байланысты қамтасыз ету мақсатында Қордың 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7/365 тәртібіне ауыстырылды.

Қазіргі таңда облыс бойынша 1406 арқылы 29 арыз-шағым  түсіп уақытында жұмыстар атқарылып, жауаптар берілді.    

Одан бөлек, филиалда азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды. Сондай-ақ, медициналық қызмет сапасына мониторинг және сараптама жүргізу бойынша Филиалдың сарапшылары тұрақты негізде жұмыс істейді.

МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін электрондық үкімет порталынан (https://egov.kz/), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (http://dsm.gov.kz/) және Қордың сайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) және WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы анықтауға болады.

Оған қоса мобильді қосымша MVOTER (Play Market-те қолжетімді) арқылы халықтың медициналық мекемелердің қызметтеріне қанағаттану деңгейін бағалау жұмыстары жолға қойылған.

Азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды. Сондай-ақ тұрақты негізде Қор филиалының мамандары медициналық қызметтің сапасына мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады.

Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді,  ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.

Тағы да оқыңыз: