Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 127 адамға жетті.
2 мамыр 12:10-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 8 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі және Қазалы ауданының тұрғындары.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 127 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.