Қызылорда облысында 118 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысында 118 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты

30.04.2020, 11:45

896 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 118 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тұрғындары.

30 сәуір 11:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 118 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.