Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 118 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тұрғындары.
30 сәуір 11:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 118 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.