Kyzylorda-news.kz. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер шетелден келген Қазақстан азаматтары үшін ПТР тесті туралы анықтаманың болуы туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиология бақылау комитетінің сайтында орналастырылған құжатта қазақстандықтарды ПТР туралы анықтамасыз ұшақтардың бортына жібермейтіні көрсетілмеген – мұндай тыйым бұрынғысынша тек шетелдіктерге ғана қолданылады.
“Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет”, – делінген құжатта.“Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі”, – делінген қаулыда.