Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі аурухана жанынан оттегі баллондарын толтыратын станция ашылды.

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков станцияның жұмысымен танысты.

“Елімізде дендеген індеттің бүгінгі күні беті қайтқанмен әлі де болса сақтануды қажет етеді. Бүгінгі күні ауданымызда науқастың денсаулық деңгейін тексерістен өткізу үшін 4 рентген құрылғысы, атап айтқанда аудандық емханада- 2, Төретам кентіндегі емханада – 2 аппарат жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге ауруханада 5 өкпені жасанды желдету аппараты, 24 оттегі концентратор, 100 оттегі кислород баллоны бар. Аталған баллондарға оттегін толтыру Қызылорда қаласындағы «LTD Чингиз» және «Квант» ЖШС-і арқылы жүргізіліп келген болатын”,- аудан әкімі.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкердің бастамасымен аудандық ауруханада оттегі дайындайтын құрылғының көмегімен станцияда күніне 200 баллонға дейін оттегі толтырып науқастарға көмектесуге мүмкіншілігі бар.

Тағы да оқыңыз: