Kyzylorda-news.kz Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында уланған оқушылардың саны 300-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір 222 бала үйде ем алып жатыр, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
1-4-сынып оқушыларының мектап асханасынан не жегені анықталып жатыр.
Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектепте мәзір күнделікті жаңарып отырады. Мектепке тамақ беретін компания әзірге белгісіз. Зерттеу нәтижесі үш-бес күнде дайын болады.
Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шекті.
Фото: Freepik.com