Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шетелдік азаматтарға қолжетімділігі, МӘМС-дағы өзгерістер, емханаларға еркін тіркелу науқаны. Осы және басқа да тақырыптар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына жүгінген азаматтарды қызықтырады. Көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға бас сарапшы Айгүл Аханова жауап берді.

Егер студент магистрант ресми түрде жұмыс істесе, жұмыс беруші МӘМС үшін төлеуге міндетті ме?

МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес, жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындардың барлығы (мейлі ол 18 жасқа толған мектеп оқушылары болсын, колледж, жоғары оқу орындарында оқитын немесе басқа да оқу орындарының студенттері болсын) азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Тиісінше, студенттер мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Жұмыс берушіге оқу кезеңін көрсететін және ай сайынғы растауды қажет етпейтін оқу орнынан анықтама бере аласыз.

Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін Ресей Федерациясының азаматтары келесі сұрақпен жүгінді: егер жұмыс беруші барлық төлемдерді төлесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің медициналық қызметтері қол жетімді ме?

Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері, Еуразиялық экономикалық одақтын шартына қатысушы, яғни Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения елдерінің азаматтары, МӘМС қатысушылары болып табылады және медициналық қызметтерді ала алады. Бұл үшін МӘМС жарналарының тұрақты төлеушісі болуыңыз керек. Емханаға алғашқы медициналық-санитарлық көмекке ерікті медициналық сақтандыру шарты болған кезде ғана тіркелуге болады.  Тіркелу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.

Қазақстанда уақытша тұратын Өзбекстаннан келген отбасы оларға қандай медициналық көмек қолжетімді деген сұрақпен жүгінді?

Шетелдіктер, ТМД елдерінің азаматтары кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану, жүктілік, шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек ала алады. Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төнгенбеген жағдайда медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Өзбекстаннан отбасына бастапқы медициналық-санитарлық көмек алу үшін ерікті медициналық сақтандыру шарты қажет. Келісім-шартқа ие бола отырып, отбасы емханаға тіркеліп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек ала алады. Егер шетелдік азаматтар жұмысқа орналаспаса, онда олар дербес төлеушілер ретінде МӘМС-ке жарналар төлеуі тиіс. Сондай-ақ, Өзбекстаннан келген зейнеткерлерге өздері үшін ақы төлеу керек, өйткені олар жеңілдікті санатқа жатпайды.

Еліміздің әрбір азаматы жылына бір рет емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана алады. Бірақ сіз таңдаған емханаға тіркелуден бас тартудың бірнеше себебі бар. 

Бүл - дәйексіз құжаттар ұсынылды; адамның осы денсаулық сақтау объектісі орналасқан ауыл, кент, қала және т.б. тыс жерде (тұрақты немесе уақытша) тұратыны анықталған жағдайда; шекара маңы аумақтарында тұратын және басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте емхананы таңдауға құқығы бар тұлғалар ерекше жағдайлар болып табылады; емханада барлық учаскелерде тіркелген халықтың рұқсат етілген ең көп саны асып кетті. Егер жоғарыда аталған жағдайлардың ешқайсысы сізге қатысты болмаса, ыңғайлы байланыс арналарының бірі – 1406 байланыс орталығы, ӘМСҚ-ның ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyryBot, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жағдайды анықтау үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз.

Егер соңғы 12 айда МӘМС-ке бірде-бір төлем болмаса, «Сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болады?

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дербес төлеушілер үшін сақтандыру мәртебесін берудің жаңа ережелері күшіне енді. Енді мәртебені 12 айға алдын ала жарна төлеу арқылы алуға болады. Өткен кезеңдегі берешек есепке алынбайды. Осылайша, ағымдағы айдағы және алдағы 12 айдағы жарналарды төлеу арқылы 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру мәртебесін ала аласыз. Содан кейін, МӘМС жарналарын жүйелі түрде төлеуді жалғастырыңыз. Айта кету керек, сіз 12 айға төлемдерді бірден жасай алмайсыз, өйткені жүйе әр ай үшін төлемді бөлек оқиды. Қазіргі уақытта дербес төлеушілер 60 мың теңгенің 5% төлейді, бұл 3 мың теңге.

Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз оларды өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ыңғайлы байланыс арналары арқылы жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүргізілген төлемдер туралы egov.kz ҚР электрондық үкіметі сайтының "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

иностранцы каз.jpg

Тағы да оқыңыз: