Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойына орай, медицина колледжінің білім алушылары арасындағы ұйымдастырылған шағын футболдан жарыстың ашылу шарасына қатысып, спорт сүйер жастарға тартысты додада жетістікке жетулеруіне тілектестігін білдірді. 

Спартакиадаға Авиценна медициналық колледжінің командасы, «Өркениет» медициналық колледжі, Болашақ медицина жоғары колледжі және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің командасы қатысты. Одан соң, облыстың бас дәрігері жатақхана жұмысымен танысты.  

Мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін айтқан болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн», - деді.

Айта кетейік, Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттерінің жатақханасы облыс әкімінің қолдауымен салынған 330 орындық жаңа жатақхана. Жылдар бойынша жатақханаға орналасу көрсеткіші 2020-2021 оқу жылы 182 студент тұрақтаса, 2021-2022 оқу жылы 330, 2022-2023 оқу жылы жалпы 350 студент орналасқан. Жатақханада жастар үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, жатын бөлме, ас даярлау бөлмесі, жуынатын, демалыс бөлмесі және акт залы бар.

Сондай-ақ, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін кітапхана, спорттық ойын алаңдары жұмыс жасайды.

 

342331065_180613378195341_6734916709970884027_n.jpg

Тағы да оқыңыз: