Kyzylorda-news.kz Ел дамуы динамикасы жергілікті халықтың өсімі мен көрсеткіштері көріністерімен өлшенеді. Денсаулық сақтаудың тиімді жүйесі адами капиталды дамытудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан халқының санының, азаматтардың өмір сүру ұзақтығының ұзаруы медициналық-демографиялық ахуалдың жақсарумен байланысты. Денсаулық сақтау саласындағы кластерлік әдісті қолданудың перспективаларын арттырып, жаңашылдыққа бой ұрған іргелі ұжым Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы.

Бұған дейін тек, облыс орталықтарында ғана болған санаулы емдеу мекемесінің аудан орталығынан бой көтеруі денсаулық саласына бөлінген оң көзқарас, ел әлеуетінің көрінісі. Ауданның – 54932 адамына жауапты орында Қазалыдан өзге көршілес Байқоңыр қаласы, Арал, Қармақшы ауданы тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Озық үлгідегі медициналық-диагностикалық құрал-жабдықтар, керек-жарақтармен қамтылған орында 161 жоғары білдімді дәрігер, 770 орта буын қызметкерлер еңбек етеді. Олардың қатарындағы – Денсаулық сақтау саласының үздігі Көбек Наршабай, Бақытгүл Әлішева, Ғалымбек Баймаханов, Серік Айбасов, «Денсаулық сақтау саласына қоқан үлесі үшін төсбелгісінің иегері Раушан Қауовалар бар. Сондай-ақ, өзі жоғары санатты дәрігерлер: акушер-гинеколог Айгүл Медетбаева, интервенционды кардиолог, жүрек ақауларына ота жасаудан облыс көлеміндегі санаулы дәрігердің бірі – Кенесары Баспаев, кардиолог Ләззат Жұбанова, невропатолог Гүлмария Дәрменова, Жаңыл Барақбаева, реаниматолог Асылбек Жиенбаев, акушер-гинеколог Сәуле Құтекеевалар тәжірибесі толысқан мамандар.

Ауруханада анестезиология және реанимация, терапия, хирургия, гинекология, ақылы емдеу, кардиология, перзентхана, оңалту, балалар бөлімдері бар. 238 төсекті орын тәулігіне – 250 тексерілуші қабылдауға қауқарлы. Ауруханаға қарасты емхана терепевт, педиатор, тар сала мамандары: кардиолог, невропотолог, окулист, лор, маммолог, эндикринолог, проктолог, уролог, фтизиатр, стоматолог, балалар невропотологы, нарколог, психиатр, рентгенолог, гинеколог мамандармен қамтылған.

Инфрақұрылым игілігін көрген аудан тұрғындары қосымша жаңа аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлі-акушерлік пункт, 14 фельдшерлік бекет мекемелер игілігін көруде.

Шалғайдағылар да шет қалмайды. Өткен жылы «Қазақстан халқы» қорынан жылжымалы медициналық кешенге қол жеткізген. Құрамында рентген, УДЗ, көз, құлақ қуысы, қан қысымын өлшейтін аппараттар бар мамандар кесте бойынша аралап, алыстағы ағайынның ахуалын аңдайды.

Осы жылы денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен облыстық онкологиялық орталықтан келген әмбебап медициналық кешеннің де көмегі көп болған. Құрамында жапондық жаңа құрылғы компьютерлік тамограф, ультра дыбыстық тексеру аппараттары онкологиялық қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау.

Барлық баланы профилактикалық медициналық тексеруден өткізу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аудандағы барлық 37 мектеп медициналық кабинеттермен жабдықталған.

Қазір омырау обыры жасарып келеді. Бұл бағытта маммолог маман жасаған тұжырымдама мен оқылымды облыстық мамандар да оқып, науқастың жағдайын жақсаруға бірлесе әрекет жасайды.

Егу жұмыстары басқа аудандарға қарғанда жақсы деңгейде.

Медицинада тәулік бойынша емдеуден, күндізгі стационармен қамту қамтамасыз етілген.

Былтыр Бозкөл, Кәукей, Абай елді мекендерде жаңа дәрігерлік амбулаториялар халық қажеттілігіне ұсынылған.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу арқылы бұрын тек үлкен қалаларда жасалатын күрделі операцияларды жасауға қол жеткізген. Ангиограф аппараты 2017 жылы республика бойынша аудандар ішінде алғашқы болып алып, жүрек-қан тамырлары жағдайын анықтап, ота жасау жолға қойылған.

Материалдық-техникалық жабдықтармен бірге, көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу көптеген маңыздылығы тудырса, биыл соны шешуге жиырма жаңа көлік алу жоспарланған.

Жүйелі жұмыс толық құрам арқылы жүзе асады. Емдеу орындарында мамандар тапшылығы жоқ.

Бүгінде ел бойынша денсаулық сақтау саласын одан әрі жаңғырту, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсарту және олардың халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жүйені цифрландыруға ерекше маңыз беріліп отыр.

Тегін дәрі-дәрмек қамтамасыз етуде қиындық жоқ

Кез-келген жағдайда науқастың жағдайын жақсартуға телемедицина және қашықтан мониторинг жасау сынды сандық технологиялар мүмкіндігін пайдалану жолға қойылған.

Қағазбастылықтан арылған мамандар санды жүйеде жүйелілікке жол ашып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік тудырғанын айтуда.

Алғашқы медициналық көмек көрсету қашан да маңызды. Қызмет түрі азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, бәріне қолжетімді.

Аурудың алдын алатын аппараттар өмір сүру деңгейін жақсартады

Емханадағы заманауи офтальмолог жарықшақ шамы көз жанары жағдайын терең тексеруге мүмкіндік берген. Сыртқы тексеру кезінде көз бөліктеріне биомикроскопиялық зерттеулер жүргізіп, күшті оптикалық үлкейту арқылы тірі тіндерін тексереді. Жарық шамды тексеру әсіресе, контактілі линзаларды үнемі қолданатын адамдар үшін маңызды.

Жүрек-қантамыр аурулары Қазақстандағы өлім-жітім себептерінің көшін бастап келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы аурулардың алдын алу мен емдеуге көп көңіл бөлінеді. Құнды оталарды Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының мамандары қазір ауданда жасайды. Жаңа ангиограф аппараты кез келген тамырдың үш өлшемді көрінісін көрсете алады. Бұл инсульттің алдын алуда маңызды. Қан тамырларын жақыннан көріп, аяқ тамырларының ақауын анықтайды.

Мұндағы рентген-эндоваскулярлық бөлімшесінде ай сайын – 50-60 ота жасалады. Өткен жылы – 523 отаға жүгінгендердің – 315-і аудандық азаматтар болса, өзгелері Арал, Қармақшы, Байқоңыр, Қызылорда Төретам, Астана, Ақтөбеден келген. 2024 жылы – 281 ота өткен. Емделушілер қатарында – Тараз, Ақтөбе, Астаналықтар да бар.

Дәрігерлер алда жамбастың варикозды кеңеюіне, аденома және жатыр миомасына оталарды енгізуді жоспарлауда.

Аурухананың терапия бөлімі құрамындағы нейроинсульт бөлімшесі 2022 жылы ашылған. Тұрғындар арасында көптеп кездесетін жүрек қан тамыры ауруларын анықтап, алдын алу мақсатында жиырма орынға лайықтап, ашылған бөлімшеде невропотолог дәрігер Гүлмария Дәрменова түрлі ем-шаралар жүргізеді. Церебральды ангиограф аппаратымен жасалған ота қызметіне жүгінетіндер көбін білдік. Коронография әдісімен аяқ шабы арқылы арнайы дәрілік сұйықтық жіберіліп, бас тамырларын бақылайтын мүмкіндігі тұрғындардың денсаулығын түзеуге септігін тигізуде.

Ауру ахуалын ерте анықтап, жоғары технологиялық оталар жасауға мүмкіндік беретін ангиографтың арқасында инфаркт, инсульттің алғашқы белгілерінен айыққандар алғысына бөленген рентгенэндоваскулярлық бөлімшесінен көршілес аудандар тұрғындары үзілмейді.

– Байқоңыр қаласының тұрғынымын. 2019 жылдан бері жаңа аппаратпен ота жасалғанын естідім. Бұрын Астанаға сабылатынбыз. Қазір келгелі жақсымын, – дейді Омар Әлімбай.

Осы жылы аурухана базасында жетпіс орындық перинаталдық бөлім ашылып, бағасы – 646 миллион теңге тұратын МРТ аппараты іске қосылған.

Аурухана құрылымындағы жаңа құрылғының бірі ауыз қуысының ақаулары мен тіс ауруларының салдарын тексеретін рентгендік сандық панорамалық аппараты. Оңтүстік Кореяның «Vatech» компаниясының өнімі тіс түбіріндегі асқыну мен салқын тию әсерінен пайда болған ісіну, тістің өзге де, ақауларын анық, нақты көрсете алады. Құрылғыға түсіру қызметі ешқандай жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайын таңдамайды. Медициналық-санитарлық көмекті модернизациялау мен дамыту мен медициналық оңалту жұмыстарын жандандыруға үнемі көңіл бөлінетін емдеу орны алдағы уақытта да жаңа жабдықтармен қамтылмақ.

Қазалы аудандық көпбейінді орталық аурухананың кардиология бөлімінің меңгерушісі Ләззат Жұбанованың айтуынша, қолданыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы мүмкіндіктерге мол жол ашылған.

– Есептеп қарасаңыз, коронарографияның құны бір науқасқа 500 мың теңге. Ал стентирование салған болса 2 миллион теңге кетеді. Егер науқас порталмен бір күннің ішінде жиырмаға дейін науқас түссе, олардың – 6-7-сі стенттеуден өтеді. Оларды өздері төлесе, қолжетімсіз. МӘМС мүмкіндіктерін пайдалану тиімді, – дейді Қазалы аудандық көпбейінді орталық аурухананың кардиология бөлімінің меңгерушісі Ләззат Жұбанова.

2023 жылы скринингтік бақылаудан – 12204 адам өтсе, олардан – 1026 ауру белгілері табылған. 2024 жылдың 5 айында – 8842 жергілікті жан тегін тексеру мүмкіндігін пайдаланған. Жыл ішінде – 972 науқас анықталып, сауықтырылған.

«Біздің алдымызда тіркелген емделушілерге білікті және мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету, аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту, қызметтің тиімді жүйесін арттыру арқылы тіркелген тұлғалардың денсаулығын жақсарту міндеті тұр», – дейді Қазалы аудандық көпбейінді орталық аурухананың бас дәрігері Бақытгүл Әлішева.

Денсаулық – әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты байлығы пікірін ұстаным еткен ұжым алдағы уақытта да, ауруды анықтау, олардың алу қағидаттарын одан әрі ілгерілету, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдарды дамытуға күш жұмылдырмақ.

Тағы да оқыңыз: