Kyzylorda-news.kz.  Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. 

Қабылдау барысында азаматтар дәріханалардағы дәрі-дәрмектер бағасы, дәріхана қызметкерлерінің этика нормаларын сақтауы сонымен қатар аяжандардың санаттары (категория) бойынша мәселе көтерді. 

Департамент басшысы келушілердің сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Бағаның шекті мәнін «Дәрі.кз» сайтына кіріп, анықтауға болады. Ешбір дәріхана ҚР ДСМ бұйырығы негізінде бекітілген шекті бағадан асыра алмайды. Егер ондай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда 23-40-36 телефон нөміріне хабарласып, департаментке шағымдану мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Ал аяжандардың санаттарына қатысты бөліністер ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістер негізінде алынып тасталған. Аяжандар тек сертификатталуы міндеттелуіне орай санаттық бөлініс заңда көзделмеген,- деді Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова.

316029855_518691616963146_455864590138470756_n.jpg

 

317377934_518691653629809_5774783896201619335_n.jpg

Тағы да оқыңыз: