Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы салада өзінен бұрынғы экс-басшысының қайда екенін айтты деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлназарованың айтуынша, ол Ажар Ғинияттың келесі қызметі туралы әлі білмейді. Дегенмен, жаңа министр «бұл міндетті түрде денсаулық сақтау жүйесі болады» деп қосты.
«Біз қазір құнды кадрларды тастай алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесіндегі әкімшілік жұмысында үлкен тәжірибесі бар, біз оның тәжірибесін міндетті түрде қолданамыз. Менің ойымша, жақын арада Ажар Ғиниятқызының қай салаға келетінін бірге білеміз. Нақты ұстанымы әлі белгісіз. Бірақ бұл денсаулық сақтау жүйесі болатыны сөзсіз, бізге оның тәжірибесі керек. Қазір демалыста, біз онымен күнде хабарласып тұрамыз», - деді Әлназарова.